1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Орнитоз ауруының клиникалық белгілері



бет99/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131
9.Орнитоз ауруының клиникалық белгілері. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) – негізінен жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм.

Жасырын кезеңі 3 күннен 3 айға дейін немесе одан да ұзақ созылуы мүмкін. Аурудың өзіне тән клиникалық белгілері жоқ, көбінесе инаппарантты жасырын инфекция ретінде өтеді. Әдетте жиі байқалғанда құстың, әсіресе, жас балапандардың іші өтіп, өлім көрсеткіші жоғары болады. Орнитозбен ауырған тоты құс жабырқау тартып, жемге қарамайды, тынысы қиындап, нәжісі сұйылып, сұрғыл-жасыл түсті болады. Көзінен, танауынан серозды немесе іріңді экссудат ағады. Ауру ұзаққа созылғанда сирақтары мен қанаттары салдануы мүмкін. Өлім көрсеткіші 30% -ға жетеді.

Жіті жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Үйректерде конъюктивит юолады, мұрны бітіп (насморк), арықтап және тез өледі. Ауырып болған құс ұзақ уақыт вирусты алып жүруші болып табылады. Тоты құстарда жіті кезеңде ұйқы басу, әлсіздік, тәбеті нашарлау және тыныс алуы қиындайды, қырыл, іш өту, аяқ пен қанаттарының салдануы байқалады. 1-2 аптадан кейін әбден арықтап өледі. Көгершіндерде кірпігі жабысады, мұрнынан су ағып, қабық сияқты қатып қалады, тынысы тарылып, қырыл пайда болады. 3-9 күннен кейін аяқтары салданып, нәжісі қан араласып өледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет