1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет109/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
19.Құс тұмауы ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.

Індеттік ерекшеліктері, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері бойынша тұмауға тек алдын ала диагноз қоюға болады. Қорытынды диагноз қою үшін ауру жіті өткен кезде өлген құстың өкпесі, бауыры, миы, т.б. алынған патологиялық материалды зертханаға жібереді.Өлекседен материалды тез арада алып, суықпен немесе 50% глицеринмен консервілейді. Тауықтан серологиялық тексеру үшін қанды екі мәртебе қосарлап, аурудың әртүрлі кезеңінде алады.

Вирус бар материалды әдеттегі жолмен даярлап, буферлі ерітіндімен езіп, 1 мл сұйыққа 5 мың ӘБ пенициллин қосып 9 – 12 күндік тауық эмбрионының алантоис қуысына жібереді. 48 сағат өткен соң аллантоис сұйығын алып, оны вирусқа гемагглютинацияны тежеу реакциясында тексереді. Сонымен қатар тауық эмбрионының көп қабатты торша өсінділерін жұқтырады. Биосынама қою үшін 2 – 4 айлық балапанға 0,5 – 1 мл патматериал езіндісін бұлшық етіне жібереді. 3 – 5 күн өткенде балапанда аурудың белгілері байқалып, кейде өліммен тынады. Егер вирустың уыттылығы төмен болса, 4 – 10 күннен кейін антиденелердің титрінің көтерілуінен басқа белгі байқалмайды.

Тұмауды Ньюкасл ауруынан, жұқпалы бронхиттан, микоплазмоздан, жұқпалы ларинготрахеиттен ажырату қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет