1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет114/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131
24.Лейкоз ауруының патогенезі. Құстың лейкозы (Leucosis avium, лейкоз птиц) – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Avianleukemia oncovirus жалпы атауына біріккен онкарновирустардың екі тобын қамтиды. Олар лейкоз-саркома кешенінің вирусы (ALV) және ретикулоэндотелиоз вирусы (LEV).

Денеге ауыз немесе ауа арқылы енген вирус қанға өтіп, қан түзу ағзалары – бауыр, көкбауыр, сүйек майында орын тебеді. Ол ұзақ уақыт бойы оншама белгі бермей сақталуы мүмкін. Құс организмінің төзімділігінің әртүрлі жайсыз жағдайлардың әсерінен төмендеген шағында вирустың белсенділігі артып, дерт процесі жайылып, қан түзетін және ретикулярлы ұлпаларда дербес дерт ошақтары пайда болады. Бұл жетілмеген торшалардың қатерлі өзгерістерге ұшырауына әкеп соғады. Ісіктің торшалық құрамына байланысты лейкоздың лимфоидты, миелоидты, ретрикулоэндотелийлі, эритробласты түрлері болады. Вирустың әр түрлі штамдары сапалық құрамы жағынан әр қилы ісік түрлерін тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет