1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Лейкоз ауруының клиникалық белгілері



бет113/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131
23.Лейкоз ауруының клиникалық белгілері. Құстың лейкозы (Leucosis avium, лейкоз птиц) – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Avianleukemia oncovirus жалпы атауына біріккен онкарновирустардың екі тобын қамтиды. Олар лейкоз-саркома кешенінің вирусы (ALV) және ретикулоэндотелиоз вирусы (LEV).

Лейкоз әдетте созылмалы өтеді. Аурудың екі кезеңі болады: жасырын өтетін ұзақ және өліммен бітетін қысқа клиникалық. Клиникалық белгілері өзіне тән емес: бей-жайлық, іші өту, арықтау. Кейде қолмен басып бауырдың ұлғайғанын, көкірек-құрсақ қуысының суға толғанын сезуге болады.

Эритробластоз кезінде гемаглобин азайып, лимфоидты торшалардың саны көбейеді.

Миелоидты лейкоз кезінде қан мен сүйек майында миелобластан бастап, псевдоэозинофилге дейінгі торшалардың миелоидты қатары басым болады.

Ретикулоэндотелиозға тән белгілер: лимфопения, миелоидты қатардың торшаларының, моноциттердің, ретикулярлық торшалардың санының көбеюі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет