1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет111/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131
21.Құс тұмауы ауруының күресу шаралары. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.

Аурудың алдын алу үшін құс фермалары мен фабрикаларында санитариялық реттілікті сақтаудың, зоогигиеналық талаптарды орындаудың маңызы зор. Шеттен құс әкелгенде, жем, транспорт, ыдыс кіргізгенде сақтық шараларын мұқият сақтау қажет.

Ауру шыға қалғанда шаруашылыққа карантин қояды. Егер тұмау бір қорада байқалса, ондағы барлық ауырған және күдікті құсты қан шығармай өлтіріп, жояды да, қалған сау құсты етке сояды. Қораны мұқият дезинфекциялайды. Егер ауру бірнеше қорада байқалса, күн сайын ауруға күдікті және әлсіреген құсты бөліп алып, сойып, патологоанатомиялық өзгерістер табылса утильге жібереді. Өзгерістер болмаса ішкі ағзаларды утильдеп, етін пісіріп тағамға пайдалануға жібереді. Ауру шыққан құстың жұмыртқасын инкубаторға жіберуге болмайды, оны 10 минут қайнатып, тағамға жаратады.Барлық құсты сойған соң, мұқият дезинфекция жасап барып, карантинді алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет