1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Қойдың жыбырлақ ауруының клиникалық белгілері



бет120/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131
30.Қойдың жыбырлақ ауруының клиникалық белгілері. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі.

Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа, бірнеше сағат қана, клиникалық байқалуы кенеттен басталады. Ең басты көзге түсетін белгісі – ауырған малдың қозғалыс координациясы бұзылып, денесі құрысып, аяғын басып тұра алмай құлап қалады. Құлағаннан кейін аяқтарын бос сермеп, бұлшық еттері құрысып, жыбырлап жатады. Осындай айрықша белгілері, аурудың "жыбырлақ" атауына себеп болған. Бұндай құрыстанумен қатар ауырған малдың мәңгіріп, есеңгіреп қалуы мүмкін. Бұл ауру өте жіті, жітілеу, созылмалы болып үш түрде кездеседі.

Аурудың өте жіті түрінде қой 5-6 сағатта өледі. Алғаш малдың нерв
жүйесі бұзылып, ол жатып қалады, аздап іші кебеді де, өлім-жітімге
ұшырайды.

Аурудың жітілеу түрінде мал ауруға шалдыққаннан бастап бір тәулікте өледі, ал созылмалы түрінде 2-3 күн ішінде өледі.

Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды. Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды, шөпті аузымен жұлып алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды. Кейде ауру қой сүрініп жығылып, айналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал аяқтарын созып, басын бір жақ бүйіріне салып жатады, жан-жағында болып жатқан айқай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10-15 сағатта өледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет