1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет27/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131
21.Аусыл ауруының күресу шаралары. Аусыл – Аphtae episooticae – жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Аша тұяқты малдың тері мен кілегей қабықтарына күлдіреуіктер шығарып зақымдайтын, вирустың қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – А, О, С типтерге бөлінетін эпитеминотропты вирус.

Егер шаруашылықтағы немесе жеке меншіктік мал арасында бірлі-жарым бас малда аусыл байқалса, ол туралы дереу шаруашылықтың бас мал дәрігеріне және басшыларыиа хабар беріледі:

Ауру байқалған шаруашылыққа карантин қойылады, бұл кезде шаруашылықтан сыртқа мал шығарылмайды және басқа жақтан мал әкелінбейлі. Осылармен қатар бұл аймақтан малдын терісі, жүні, еті, сүті, жем, шөп, басқа да ауыл шаруашылық өнімдері (көк өніс, жеміс-жидек) сыртқа шығарылмайды.

Карантин кезінде ауру мал тұрған қорада күнделікті малдың қиы тазартылып, бір жерге үйіледі, биотермиялық әдіспен зарарсыздандырыладі. Сондай-ақ, қораның едені, қабырғалары күйдіргіш натрий . формальдегидтің 10 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады.

Карантин шаруашылықта мал соңғы рет ауырып жазылғаннан кейін 21 күн өткен соң алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет