1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Бруцеллез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет28/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131
22.Бруцеллез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Д. Брюс (1877) Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдында дербес ауру екендігін көрсетіп, оның қоздырушысын бөліп алып Microcoсcus melitensis деп аталды. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауыл шаруашылық малдардың арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, алғаш рет 30 – жылдары Семей обылысында Тасбұлақ деген жерде ветаринария дәрігері Тевельский хабарлады.

Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады: B. melitensis, B. abortusB. suis, B. neotomae, B. ovisB. canis.

Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа, солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде қуалайды. Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.

Сыртқы ортаның қатерлі әсеріне бруцелла микробы шыдамды келеді, етте 20, сүтте 45, жер қыртысында 75 күнге дейін тіршілік ете алады. Малдың терісі мен жүнінде 6-7 ай, суда 7-130 күнге дейін елмейді. Ал түскен күн сәулесі оны 5-6 сағатта өлтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет