1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет30/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
24.Бруцеллез ауруының патогенезі. Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз конъюнктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде тұрақтайды. Кейіннен басқа да сәл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді. Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция (регионарлық инфекция), генерализация (бойға жайылу немесе денеге шабу) және екінші латенция.

Регионарлық (шектелген) инфекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды. Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия басталып, үлпершек ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын микрогранулалар түзіліп, лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың қордалануы байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде ұзакқа созылады. Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады және бір ерекшелігі антидене түзу баяу жүреді де, серологиялык көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады.

Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысы кезінде жиірек өрбиді. Жануарлардың денесінде әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өліеттенген қабыну процестері өрбіп, оның нәтижесінде орхит, бурсит, тендовагинит, эндометрит сияқты бруцеллездің негізгі белгілері пайда болады. Жатырдың кілегейлі қабығы, қағанақ қабының және ұрықтың зақымдануы салдарынан буаз жануарлар іш тастайды.

Генерализациядан кейін байқалатын екінші латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден ұзақ уақыт бойы микроб бөлініп шығады. Бұл кезеңде организмде осы ауруға тән өзгеше аллергиялық құбылыстар байқалады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет