1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Бруцеллез ауруының клиникалық белгілері



бет29/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131
23.Бруцеллез ауруының клиникалық белгілері. Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Бруцеллездің барлық малға тән негізгі белгісі – іш тастау. Мәселен, сиыр көпшілігінде буаздығының 6-8 айлығында, ал қой мен ешкі 3-4 айлығында іш тастайды. Іш тастаудан 2-3 күн бұрын малдың сыртқы жыныс органдары ісініп қызарады, қынабынан сілекейлі ақшыл-қызғылт түсті сұйық зат ағады, бұдан барып жатырдың қабынуы басталады.

Ірі қара, қой мен жылқы да іш тастаумен қатар аяқтарының буындары қабынып, ісіп кетеді. Ауруға шалдыққан еркек малдың жыныс органдары іседі.

Ауыл шаруашылығы малының атасы түйе де бруцеллезбен ауырады. Ауруға көбінесе ересек інгендер шалдығады, олар буаздықтың 7-8 – 9-10 айлығында іш тастайды.

Біздің республикамыздың көптеген жерінде бұғы өсіріледі, мәселен Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған бұғы өсіретін екі шаруашылық бар. Мұндағы айтайын дегеніміз – бруцеллез ауруы бұғылар арасында да жиі болады. Бұғы бруцеллезбен ауырғанда аяқ буындары ісініп, жүре алмай қалады. Буаз бұғылар іш тастайды көп кезде төл жетілмей туып, шығынға ұшырайды, аналық малдың желіні қабынып, желінсау ауруына ұшырайды, ал еркек бұғының ені кабынып, оның көлемі 3-1 есе үлкейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет