1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет69/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

21.Маңқа ауруының күресу шаралары. Маңқа (Malleus, can)созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия.

Маңқаға бейім малдардың барлығын басқа шаруашылыққа жіберерде, көрмелерге, жарыстарға, ұзақ жолға поезбен, машинамен тасу немесе ет комбинатына союға апарарда маңқаға клиникалық тәсілмен тексеріп, маллеин жіберіп зерттейді. Егер шаруашылықта маңқа біліне қалса, шаруашылықты сау емес деп жариялап, карантинге қояды.

Маңқаның клиникалық белгілері бар малдарды және маллеинге оң реакция берген жылқыны ауру белгісі жоқ болса да дереу оқшаулап, терісін алмай оңаша жерге апарып жояды. Аурудың жұғуына күмәнді малдарды 3 рет қатарынан теріс реакция алғанша 15 күн сайын көзіне маллеин тамызып тексереді, 5 күн аралатып клиникалық бақылау жүргізеді. Тексеру біткенше бұл малдарды жекелеп суарып, азықтандырады.

Ауру мал тұрған қораларды және аулаларды тазалап, дезинфекция жүргізеді. Малдың тезегін, қалдық жемшөпті өртейді. Күмәнді малдың көңін 2 ай бойында биотермиялық өңдеуден өткізеді. Қора-жайдағы індетті тежеу үшін жүргізілетін дезинфекцияны 3% формалин ерітіндісімен, 70°С қыздырған 3% күйдіргіш натрий немесе 3% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен жасайды. Сайман, ер-тұрманды 5% креолин ерітіндісіне 3 сағат бойы батырып, күнге кептіреді, былғарымен қаптаған жерлерін қара маймен майлайды.

Шаруашылық сауықтырылды деп ең соңғы ауру малды жойып, дезинфекция жасағанан кейін 45 күн өткеннен соң есептеледі де, карантин алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет