1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Тілме ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет70/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
22.Тілме ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауру қоздырушысын алғаш анықтап, ажыратып жазған Р. Кох (1878), Леффлер (1881), Л. Пастер және Л. Тюлье (1882).

Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады. Ұзындығы 0,5-1,5 мкм, көлденеңі - 0,2-0,3 мкм, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грам оң, полиморфты қысқа таяқша.

Ауру қоздырушысы спора түзбегенімен де сыртқы орта жағдайында төзімді келеді. Ауызы балқытылып бекітілген сұйық қоректік ортада 17-35 жыл, шіріген өлекседе бірнеше ай, өзен суында 73 тәулік, несепте - 203 тәулік, нәжісте 94 тәулік, топырақ тұнбасында 108 тәулік сақталады. Жоғарғы температураға төзімсіз 50°С қыздырғанда 15 минутта, ал 70°С-та 5 минутта күшін жояды. Алайда етті уақтамай қайнатқанда тек қана 2,5 сағаттан кейін өледі.

Ауруға көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай-ақ, табиғи жағдайда тілмемен қозы, тауық, үйрек, күрке тауық, көгершін, кемірушілер (тышқан, егеу-қүйрық) ауырады. Тілмемен адам да ауырады. Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген жабайы құстар ауырады. Ауру қоздырушысының бастауы – ауру және микроб алып жүруші шошқалар. Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күгу құрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ, т.б. жатады. Ауру негізінен қоректік жолмен, ал сирегірек жанасу және трансмиссивтік жолдармен жүғады. Тілме топырақ арқылы жұғатын инфекция болғандықтан , көктем-жаз айларында көп кездеседі , әсіресе бордақыда тұрған жас торайлар жиі ауырады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет