1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Тілме ауруының емі, алдын алу шаралары



бет75/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131
27.Тілме ауруының емі, алдын алу шаралары. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.

Тиімді емдік препараттарға тілмеге қарсы сарысу және антибиотиктер жатады. Антибиотиктер – пенициллин, стрептомицин , эритромицинді 1 кг салмаққа 2-3 мың ED, 6-8 сағ аралығында салып отырады.

Гипериммундік сарысуды ауру малдың тірі салмағының әр килограммына 1-1,5 мл мөлшерінде тері астына не бұлшық етіне жібереді. Жануарлардың халі өте ауыр болса, жіберілетін сарысудың жартысын құлақтың қан тамырына жібереді.

Ауырып жазылған шошқаларда иммунитет түзіледі. Вакциналармен 2 айдан асқан шошқаларды егеді. ВР-2 вакцинасын бір рет, ал деполанған концентрленген вакциналарды арасына 12-14 күн салып 2 рет егеді. 4-5 ай өткенсін қайталап вакциналау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет