1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Тілме ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет74/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   131
26.Тілме ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.

Тілмені індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижесінде анықтайды. Індеттанулық деректерден аурудың маусымдылығын, тұрақтылығын, ауыратын малдардың жас мөлшерін еске алып, клиникалық белгілерінен теріде кездесетін дақтарға көңіл аударады. Сондай-ақ, ауру шошқаларды емдегенде тілмеге қарсы сарысу мен антибиотиктердің жақсы әсер ететінін ескеру қажет. Патологиялық анатомиялық өзгерістерден көкбауырдың ұлғаюы, қарын мен аш ішектің кілегейлі қабығының, сөл түйіндерінің, бүйректің қабынып, қанталаулар кездесетінін ескереді. Зертханаға көкбауырдың, бауырдың, бүйректің кесінділерін және жілік сүйегін жібереді.

Патологиялық материалдардан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарайды. Қоректік орталарға сеуіп, қоздырушының таза өсінін алады. Ажырату үшін флуоресценттік микроскоппен тексеру қолданылады. Қажетті жағдайда үлпершек мүшелерден дайындалған езіндімен биосынама қояды. Ол үшін езіндіні көгершін немесе ақ тышқанға егіп тексереді. Оң нәтиже берсе, олар 3-5 тәулікте ауырып өледі.

Ажыратып балау. Тілменің жіті, жітіден төмен түрлерін обадан, пастереллезден, листериоздан, топалаңнан, қылаудан, ыстық және күн өтуден, ал созылмалы түрін обаның созылмалы түрінен, микроплазмалық полисерозиттен, стрептококкоздан, остеомаляциядан, рахиттен ажырату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет