1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет76/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131
28.Тілме ауруының күресу шаралары. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.

Жалпы дауалау шараларына ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау, шошқалардың жемін, күтімін технологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру, рационның құрамын протеин, микроэлементтер, витаминдермен қамтамасыз ету жатады. Арнайы шаралардан ең маңыздысы шаруашылықтағы және жеке меншіктегі 2 айдан асқан шошқалардың барлығын вакциналау.

Шаруашылықта тілме анықталған жағдайда, ол тілме жөнінен сау емес деп есептелініп, шектеу қойылады. Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, аурудың белгісі барларын оқшаулап, емдейді. Қалған сауларын вакциналап, 10 күн бойына бақылайды. Қажет болған жағдайда ауру шошқаларды арнайы жабдықталған жерде сояды. Олардың етін қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Әрбір ауру мал бөлінген сайын шошқа тұрған үйшікті тазалап, жуып, хлорлы әктің тұнбасымен немесе күйдіргіш натрийдің 4% ыстық ерітіндісімен зарарсыздандырады.

Шаруашылықтан (фермадан) шектеуді соңғы тілмемен ауырған шошқа жазылғаннан, не өлгеннен кейін барлық жануарларды вакциналап, қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін 14 күн өткесін алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет