3.Ньюкасл ауруының патогенезі. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.
Құс организміне енген вирус қанмен барлық органдарға және ұлпаға тарап, гематоэнцефалит өткелінің өткізгіштігін бұзады. Қан тамырларының қабырғалары нашарлап, өткізгіштігі бұзылады, содан қан айналымы нашарлап, жүрек дистрофия және мнодегенерацияға ұшырап, организмде ісіну, қызару, қанталаулар пайда болады. Барлық органдар мен ұлпалар, әсіресе орталық жүйке жүйесі зақымданады.
Ауру қоздырушысы құс денесіне енген соң 20 сағат ішінде қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары мен ас қорыту ағзалары зақымданады. Осының әсерінен кілегейлі қабықтар жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |