1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ньюкасл ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет95/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

5.Ньюкасл ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.

Эпизоотологиялық, клиникалық, пат-анатомиялық зерттеулер негізінде және лабораториялық тексеру негізінде қояды.

Ауруды балау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп aлу, оның зардаптылығын және гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау және құстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі.

Вирусты бөліп aлy үшін өлген құстың миы мен өңешінен, кеңірдегі мен көк бауырынан кесіп алып, фосфатты буферлік ерітіндіге (1:10) езеді де, 5 мың ӘБ пенциллин және стрептомицин араластырып, физиологиялық ерітіндіге (1:50) қосады да, әрбір сау құсқа 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке немесе тері астына жібереді. Содан соң дайындалған езінді тұнбасынан пісекпен аз ғана алып, 10-12 күндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына жібереді. Патматериалда вирус бар болса тәжірибедегі сақа тауықтар 3-10 күнде өледі, aл тауық эмбрионында 48-96 сағат ішінде Ньюкасл ауруына тән өзгерістер байқалып, ұрық өлуге тиіс. Осы өлген эмбрионның алантоис қуысынан алынған сұйықта ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет