Ажыратып балау. Аурудың жұқпалы тұмау, жүқпалы ринотрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, пастереллезден, уланудан сондай-ақ организмде витамин жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан ажырату керек.
6.Ньюкасл ауруының емі, алдын алу шаралары. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.
Бұл аурудың емдеу жүйесі жасалмаған. Індетті таратып aлy қаупін болдырмау үшін, ауру құстарды емдеп жатудың қажеті де жоқ.
Құсқа мұндай иммунитет беру үшін В1, Ла-Сота, Бор-74, Н штамдарынан даярланған вакциналар пайдаланылады. Аурудан cay шаруашылықтарда құстардың күйі жақсы болса, алғашқы рет вакцина олардың 15-20 күндік жасында, екінші рет - 45-60, үшінші рет - 140-150 күндік жастарында, ал одан әрі әрбір 6 ай сайын жаппай егіліп отырады. Құстарға вакцина егуден 5 күн бұрын және егілгеннен кейін 7 күн аралығында сульфаниламинді және биологиялық дәрмектерді қолданыстан алып тастайды. Вакцина егілген құстарда иммунитет 7-8 күн өткенде пайда болады да 6 ай бойы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |