17.Кәсіби оқыту мәселелері ашыңыз. Кәсіби оқыту әдістемесі осы пән бойынша білім беру үрдісінің мазмұны мен кәсібилік материалдың меңгерілу заңдылықтарын зерттейді. Технология жалпы білім мен тәрбие беру мақсаттары мен міндеттеріне сай құрылып, жалпы педагогика негіздеріне сүйене отырып, кәсіби және экологияны оқытудың ерекшеліктерін анықтап, кәсібилік пәндерді оқытумен байланысты оқыту мен тәрбиелеу теорияларын қарастырады. Кәсіби оқыту әдістемесі –пән ерекшеліктеріне сай оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жүйесі туралы ғылым.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білімді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытындылады. Осы ережелердің барлығы оқушылар көзқарастарының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
“Оқыту әдістері” және “әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
Оқыту әдісі белгілі бір жолды көрсететін ұғым, яғни оқушылардың білімді меңгеру және дамуы тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттің субъектісі, субъектілік ретіндегі қарым-қатынас.
Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда қолданылады.
Оқыту әдістері дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі, оқыту әдістері білім беру мазмұнын оқытудың жалпы мақсаты және міндеттерімен анықталады. Тұтас педагогикалық процесс барысында оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан бүгінгі күнде оқыту әдістері туралы жаңа ойлауды қажет етеді.
Отандық кәсіптік білім берудің өзекті мәселесі – оның дербестігі, еңбек нарығынан оқшаулануы. Кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығы мүдделерінің векторларының көп бағыттылығы жас мамандарға – кәсіптік оқу орындарының түлектеріне еңбек қызметтерін ұсыну құрылымының, сапасы мен санының экономиканың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуін тудырады. Қазіргі жағдайда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі негізінен оның қызметтерін тұтынушыларға – ізденушілерге (болашақ студенттер) және олардың ата-аналарына бағытталған, олар қазіргі уақытта білім беру қызметтерін тұтынушы да, тапсырыс беруші ретінде де әрекет етеді. Нәтижесінде кәсіптік оқу орындары білім беру қызметтері нарығының осы субъектілері сұранысқа ие салалар мен мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Осының салдарынан жұмыс берушілердің жұмысшыларға деген қажеттіліктері университеттер тарапынан жиі ескерілмейді.
Сонымен қатар кәсіптік білім беру жүйесі жұмыс берушіден тәуелсіз бола алмайтыны анық.
Осының барлығы кәсіптік білім беру жүйесінің еңбек нарығының қажеттіліктерінен артта қалуына әкеледі. Білім беру мекемелерінің кәсіптер мен мамандықтардың қалыптасқан конъюнктурасына басымдылық бағдарлануы олардың кейбіреулерінде түлектер санының артық болуына ықпал етеді, ал басқа кәсіптер бойынша жұмысшылар тапшылығы байқалады.