1-денгей 11.Іс-әрекетін зерттеудегі жоспарын әзірлеу


Сұхбат алу әдісін түсіндіріңіз



бет6/9
Дата15.02.2023
өлшемі37,72 Kb.
#68175
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Калыбай Акмаржан 1 денгей

20.Сұхбат алу әдісін түсіндіріңіз.
Сұхбат зерттелетін мәселеге қатысты нақты жоспар бойынша әңгімелесу барысында зерттелушіден ауызша жауап алу әдісі. Сұхбат стандартты және стандартты емес деп ажыратылады.
Стандартты сұхбат барысында қойылатын сұрақтардың реті, мазмұны әрқашан өзгеріссіз, қатаң сақталып, зерттелушілердің баршасына бірдей болады.
Стандартты емес сұхбат барысында жалпы жоспар негізінде сұрақтарды нақты жағдайға, зерттелушінің ерекшеліктеріне орай ыңғайланып ,қолдануға болады
Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті,дос-жарандар тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар
21.Қадағалау әдісі. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы 
әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін 
атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және 
өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. 
Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, 
дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не 
тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде 
мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, 
ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген 
материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен 
олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек 
көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы 
оқушылардың әр сабаққа мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру 
жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың 
қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында 
жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң 
өткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін 
қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін 
қамтиды.
Қадағалау әрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай 
жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық болып бөлінеді. Қадағалау барысында 
әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау әдістері дегеніміз – бұл 
оқушылардың оқу танымдық іс - әрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының 
нәтижелілігін айқындауға жәрдемші жол, тәсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьютерлі 
(машынды) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол 
шәкірттердің білім, ептілік және дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге 
оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін 
процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін 
байқауға, өз пікірін білдіру мен дәйектеу және қателікті көзқарастарға қарсы 
тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау 
жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау 
формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау әдісі барлық оқушылар білімін бір 
уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, 
бағалау көп уақытты талап етеді.
Тәжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс және өндірістік ептілік, дағдылардың 
қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда 
пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. 
Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге 
көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру 
Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар 
қойылады:
– қадағалаудың даралықты сипаты. Әр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-
әрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шәкірттің оқуындағы нәтижелерді 
ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;
– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп 
тұруы;
– қадағалау формаларының әртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету, 
дамыту және тәрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;
– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін, 
ақыл-ой парасаттылығын, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге 
мүмкіндік береді;
– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив және қателікті пікірлер 
мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;
– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-
қасиеттері ескерілуі тиіс;
– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.
Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің 
негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан 
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік – психологиялық, мәдени – 
эстетикалық таным тестері ажыратылады.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет