1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет17/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

ЖМҚ еруі алдын-ала жүретін ісіну процесімен сипатталады. Ісіну төмен молекула еріткішті сіңіру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемінің ұлғаюымен аяқталатын өздігінен жүретін процесс. Ісіну сатысы кезінде еріткіш ЖМҚ макромолекуласының арасына еніп, бос кеңістікті толтырады.
Бұл процесс ісіну және жүйенің сығылуымен жүретін жылу бөліну процесінен тұрады, әрі қарай еріткіш молекуласы жоғары молекулалы заттарға диффузия түрінде еніп, оның көлемін едәуір ұлғайтады. Бір мезетте макромолекулалар баяу еріткішке диффузиялана бастайды.
Сонымен, ісіну процесін екі сатыда өтетін процесс ретінде қарастыруға болады:

  • бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүреді;

  • екінші саты - ісіну (сұйықтық жылу бөлінусіз жұтылады).

Еріткіш диффузиялы түрде молекула жіптерінің арасына енеді. Бұл сатыда еріткіштің көп мөлшері жұтылып, ісінген ЖМҚ көлемі 10-15 есеге бірден ұлғаяды. Бірақ ісіну процесі әрқашан толық ерумен бітпейді, ісіну

  • шекті

  • шексіз болады.

Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық байланыстарды үзуге жеткілікті болса, онда ісіну процесі ерумен бітеді. Мұндай ісіну шексіз деп аталады.
Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық байланыстарды үзуге жеткіліксіз болса, онда тек ЖМҚ көлемі ұлғаяды және процесс сілбі немесе гель түзумен бітеді, ісінуді шектелген деп атайды. ЖМҚ шекті (желатин, крахмал) және шексіз ісінетін (пепсин, трипсин, хемотрипсин, шайырлар, экстрактар) болып бөлінуі осыған негізделген.
Коллоидты ерітінділер - құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексі болып табылатын ультрамикрогетерогенді дәрілік түр. Коллоидты ерітінділер дисперстік фаза мен дисперстік ортадан тұрады.
Коллоидты ерітінділердің ерекшеліктері:
- агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз
- коллоидты ерітінділердің кері қайту қасиеті жоқ
- коллоидты ерітінділердің бөлшектері кәдімгі микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады.
- коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы төмен.
- әлсіз диффузияланады.
- лабильді, бұл олардың сезімталдығының жоғары болуымен түсіндіріледі.
- коллоидты ерітінділердің сақталу мерзімі шектеулі, тіпті мұқият, барлық
жағдайларды жасаған кезде де, уақыт өткен сайын ерітінді – «ескіреді».
- Жоғары температураға тұрақсыздығы, технологиясының қиындығы фармацияда коллоидты ерітінділердің қолданылуын шектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет