1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Суппозиторийлерге қойылатын талаптар



бет27/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Суппозиторийлерге қойылатын талаптар:
- тік ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме температурасында жеткілікті түрде қатты болуы керек;
- суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары болмауы керек;
- суппозиторийлердің балқуы немесе еруі 3-15 минутта жүруі керек;
- суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен араласуы керек, осы мақсатта суппозиторийлік массаға ББЗ қосылады;
- суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта тітіркендіргіш әсер көрсетпеуі керек;
- жақсы сақталуы, яғни тұрақты болуы керек.
Суппозиторий – күрделі дәрілік түр, әсер етуші зат - дәрілік заттан және көмекші зат - негізден тұрады.
Суппозиторийлік негіздер арнайы талаптарға сай болуы керек:
- негіздер дене температурасында балқуы немесе еруі;
- бөлме температурасында қатты болуы;
- фармакологиялық индифференті болуы;
- химиялық индифференті, яғни дәрілік заттармен химиялық байланысқа түспеуі;
- дәрілік заттармен сыйымды болуы;
- қатты күйден сұйық күйге тез ауысуы;
- деформациялану уақыты 3 тен 15 минутқа дейінгі аралықта болуы;
- сыртқы факторлардың (ауа, жарық, ылғал, микроорганизмдер) әсеріне тұрақты болуы. Қазіргі кезде суппозиторийлер дайындау үшін негіздердің үлкен ассортименті қолданылады, олар физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Фармацевтикалық тәжірибеде қолдалынатын суппозиторий негіздері 2 топқа бөлінеді: гидрофобты және гидрофильді
Гидрофобты негіздерге: майлар және май тәрізді заттар, олардың эмульгаторлармен және табиғи көмірсутекті заттармен балқымалары жатады. Классикалық негіз ретінде какао майы қолданылады.
Гидрофильді негіздер: желатинді-глицеринді, сабынды-глицеринді, полиэтиленоксидтер (ПЭО). Желатин-глицеринді (Massae gelatinosa) негіздің официналды жазылым құрамы:
1 бөлік желатин, 2 бөлік су, 5 бөлік глицерин.


Суппозиторийлердің технологиялық процесі.
Суппозиторийлерді үш түрлі әдіспен дайындауға болады:
- қолмен илеу әдісі;
- қалыпқа құю әдісі;
- престеу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет