1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет28/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Дайындау сатылары:
- дәрілік заттарды және негізді дайындау;
- суппозиториялық массаны дайындау;
- массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және безендіру;
1-ші саты. Негізді фарфор табақшаға салып, су моншасында балқытады (40-50 0С).
2-ші саты. Дәрілік препараттардың қасиетіне байланысты оларды негізге енгізеді.
3-ші саты. Массаны араластыра отырып, арнайы қалыптарға құяды, ол бір-біріне тығыз жабылатын екі бөліктен тұрады. Яғни, суппозиторийлерді қалыптау.
4-ші саты: орамдау, безендіру, босату.

17. Инъекцияға арналған дәрілік формалар. Енгізу жолына байланысты жіктелуі. Негізгі талаптарының мәні, оларды іске асыру тәсілдері.


Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады.
Енгізу жолына байланысты жіктелуі.

  • Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция. Инъекцияның бұл тәсілінде ине тек эпидермисті тесу арқылы сұйықтық (0,2-0,5 мл) эпидермис пен дерма арасындағы кеңістікке енгізіледі.

  • Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae). Ерітінділер 1-2 мл көлемде тері асты клетчаткаға енгізіледі. Тері астына сулы және майлы ерітінділер, сонымен қатар суспензиялар және эмульсиялар енгізіледі.

  • Бұлшық етке енгізілетін инъекция (іnjеctіones іntramusculares). Сұйықтық (1-2 мл) қалың бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы, суспензиялар және эмульсиялар түрінде енгізіледі.

  • Қан тамырына енгізілетін инъекция. Қан тамырына енгізілетін (іnjеctіones іntravenosae) және артерияға енгізілетін (іnjеctіones іntraartherіeales) инъекциялар жатады. Бұл кезде ерітінді күре тамырға (жиі шынтақ) немесе артерияға (сан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда дәрілік заттың әсері тез (1-2 секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі қанға өте көп мөлшерде сұйықтық енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық ерітінділер кейде үш литрге дейін енгізіледі. Қан тамырларына қанмен жақсы араласатын тек сулы ерітінділерді енгізуге болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет