1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет26/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Негіздерге қойылатын талаптар:

  • Жұмсақ консистенциялығы;

  • Қолданылатын мақсатына сәйкестігі;

  • Физикалық және химиялық тұрақтылығы ;

  • Биологиялық қауіпсіздігі ;

  • Нейтралды реакциялы болуы;

  • Микроорганизмдерге тұрақтылығы;

  • Жағылған жерден оңай кетуі.

Жағар (жақпа) майлардың негіздерінің бірнеше жіктелуі белгілі: физикахимиялық қасиетіне, химиялық құрамына, алыну көзіне және де басқа белгілеріне байланысты жіктеледі.
Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі бойынша жіктелуі:
- гидрофобты (липофильді);
- гидрофильді;
- гидрофобты - гидрофилді (дифильді).
Гидрофобты негіздер. Бұл топқа гидрофобтық қасиеті айқын байқалатын, яғни майлармен, көмірсутектермен араласатын немесе оларда еритін, сумен нашар немесе тіпті араласпайтын негіздер:
- майлар және олардың туындылары:
а) жануарлар майлары б) өсімдік майлары в) гидрогенизацияланған майлар
- балауыздар
- көмірсутекті негіздер
- силиконды негіздер жатады
Гидрофильді негіздердің сумен шексіз араласады және суда ериді. Гидрофильді негізге дәрілік заттың сулы ерітіндісін енгізуге мүмкіндік береді және жағар майдың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Олардың кейбіреулері теріде серпімді пленка түзеді. Гидрофильді негіздер майлы із қалдырмайды және тері мен киімдерден оңай жуылады. Гидрофильді негіздердің кемшілігі: микробты контаминацияға тұрақсыз.
Гидрофильді негіздер тобына:
жоғарғы молекулалы көмірсулар және ақуыздар гельдері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді негіздер кіреді.
Липофильді - гидрофильді (дифильді) негіздер Құрамы жасанды түрде құралған липофильді және гидрофильді қасиеттерге ие композициялар. Бұл негіздерге суда және майда еритін заттарды, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін енгізуге болады
16. Суппозиторийлер дәрілік қалып ретінде, анықтамасы, талаптары, жіктелуі ретінде. Суппозиторийлерге арналған негіздер, талаптар, жіктелуі, сипаттамасы.
Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады.
МФ XІ басылымы бойынша жіктелуі:

  • Ректалды;

  • Вагиналды;

  • Таяқшалар;

Ректалды суппозиторийлер немесе свеча конус түрінде, өткір ұшы бар цилиндр немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және олар тік ішекке енгізу үшін қолданылады.
Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді, шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет