1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет5/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

І. Еркін-дисперсті жүйелер. Бұл жүйелер дисперстік фаза бөлшектерінің арасында өзара әрекеттесудің болмайтындығымен сипатталады. Осыған байланысты олар жылу қозғалысы немесе ауырлық күші әсерінен бір-бірімен еркін қозғала, ауыса алады. Бұл құрылысы жоқ жүйелер. Дисперстік фаза бөлшектері біртұтас бір-бірімен байланыспаған. Мұндай жүйелердің аққыштық және басқа барлық сұйықтықтарға тән қасиеттері болады. Бұл жүйелердің дисперстік деп аталу себебі, дисперстік фаза үш өлшем бойынша ұнтақталған: ұзындығы, ені және қалыңдығы. Дисперстік ортаның болуына немесе болмауына және оның агрегаттық жағдайына байланысты жүйелерді бірнеше топтарға бөледі:
1. Дисперстік ортасы жоқ жүйелер.
2. Дисперстік ортасы сұйық жүйелер.
3. Дисперстік ортасы газ жүйелер.
4. Дисперстік ортасы қатты жүйелер.
5. Дисперстік ортасы тұтқыр және пластикалық жүйелер.
ІІ. Байланысты-дисперсті жүйелер. Бұл жүйелер қатты денелердің майда бөлшектерінен тұрады
Бөлшектері бір бірінен жанасқан. Бұларда ығысу болмайды, сол себепті тек тербелмелі қозғалыстар ғана жасай алады. Бұларда арнайы құрылыс болады. Кеңістіктік торлар және қаңқа түзе орналасады. Бұл жүйенің ортасы болуы да, болмауы да мүмкін. Соған байланысты жіктеледі:

  1. Дисперстік ортасы жоқ жүйелер

  2. Сіңірілген байланысты дисперсті жүйелер.

Қорыта айтқанда, дисперстік жіктелу басқа жіктелу түрлерімен салыстырғанда маңыздырақ деп айтуға болады. Емдеу тиімділігі дәрілік түрге тікелей байланысты болғандықтан, оған келесі жалпы талаптар қойылады:
1) емдік белгіленуіне сәйкестігі, дәрілік түрдегі дәрілік құралдың биологиялық тиімділігі және сәйкес фармакокинетикасы;
2) қосымша ингредиенттер массасында дәрілік құралдардың біркелкі таралуы, дәл дозалануы;
3) сақтау кезінде тұрақтылығы;
4) микробтық контаминация нормаларына сәйкестігі;
5) қабылдау үшін қолайлы болуы, жағымсыз дәмін корригирлеу мүмкіндігінің болуы;
6) ықшамдылығы;
7) жергілікті ресурстардың болуы. Сонымен қатар әр дәрілік түрге арнайы, жеке талаптар қойылады. Ол талаптар Мемлекеттік Фармакопеяда немесе басқа нормативтік құжаттарда көрсетіледі.


3. Фармацевтикалық технологияда қолданылатын дозалау түрлері. Таразылардың метрологиялық сипаттамалары. Дозалау дәлдігіне әсер ететін факторлар. Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын өлшеу аспаптары

Кез келген дәрілік препаратты дайындау оны құрайтын ингредиенттерді дозалауды қажет етеді. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсер көрсетуі олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге, олардың дозаларына да байланысты. Дәріхана тәжірибесінде дозалаудың үш тәсілі қолданылады:


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет