1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Сүзу (colatio) немесе фильтрлеу (filtratio)



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

Сүзу (colatio) немесе фильтрлеу (filtratio). 
Ерітіндіні дайындап болған соң, міндетті түрде көзге 
көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады. Фильтрлеу үшін фильтр 
қағазы, асбест, шыны фильтр, ал сүзу үшін бос борпылдақ (мақта, дәке, мата) материалдар 
қолданылады. Фильтрлеу – сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден тазарту. 
Фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға, фильтрлеуші материалдардың 
саңылауының өлшемдеріне, сұйықтықтың тұтқырлығына және басқа факторларға байланысты. 
Тұтқыр сұйықтықтарды фильтрлеу кезінде фильтрлеу жылдамдығы төмен, себебі, фильтрлеуші 
материалдың кедергісі, сұйықтықтың тұтқырлығына пропорционалды. Дәріхана жағдайында 
фильтрлеуді атмосфералық немесе төмен қысымда (вакуум) жүргізеді. Төмен қысымда 
фильтрлеу көбінесе инъекциялық және көзге арналған ерітінділерді тазартқанда 
қолданылады. Фильтрленетін сұйықтықтың қасиеті мен мөлшеріне байланысты әртүрлі 
материалдар қолданылады. Дәріханада фильтрлеу үшін маркасы Ф-1М фильтрлеуші қағазы 
қолданылады. Ол дақсыз, ағаш қалдықтарынсыз, хлоридтердің, темір тұздарының 
қоспаларынсыз, таза клетчаткадан тұрады. Құрамында темір қоспасы бар фильтр қағазымен 
фильтрлеген кезде ыдырайтын дәрілік заттардың (натрий салицилаты, адреналин 
гидрохлориді және т.б.) ерітінділерін, Ф-ОМ маркалы тазартылған фильтр қағазымен, күлсіз 
фильтрмен фильтрлеу қажет. Кәдімгі фильтр қағазы қолданылса, дәрілік заттар 
адсорбцияланады. 
8)Концентрлі ерітінділер.Оларды дайындау шарттары 
Концентрлі ерітінділер
- дәрілік заттың мөлшері рецептіде жазылған мөлшерінен әлдеқайда 
жоғары, белгілі концентрациядағы жұмысшы ерітінділер. Дәріханаларда концентрлі 
ерітінділердің қоры дайындалады және олар жартылай фабрикат рөлін атқарады. Қажет 
болған жағдайда осы жартылай фабрикаттарды еріткіштің сәйкес мөлшерімен сұйылтып, 
дәрілік түр құрамында қолданылатын қарапайым ерітіндіге айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет