1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Суспензиялардың сапасын бағалау
.
Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер секілді, 
сыртқы түрі мен органолептік қасиеттері, дұрыс орамдалуы және 
безендірілуі бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар суспензияларға тән 
ерекше қасиеттерін талдайды: біркелкілігін және ресуспендирленуін. 
Дисперстік фазаның бөлшектірінің біркелкілігі. Микроскоп арқылы 
анықталады. Ірі бөлшектер болмауы керек. Бөлшек өлшемдері жеке 
мақалаға сәйкес болуы керек. 
Тұну уақыты. Сақтаған кездегі тұнған тұнбаның мөлшеріне байланысты 
суспензияның тұрақтылығын анықтайды.Тұнбаның биіктігі неғұрлым аз 
болса, соғұрлым суспензия тұрақты болып саналады. 
Ресуспендирленуі. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау 
жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд 
шайқағаннан соң, ал 3 тәулік сақталған суспензияны 40-60 секунд 
шайқағаннан соң бөлшектерінің дисперстік ортада біртекті таралуы

Құрғақ қалдық. Суспензияны дозалаудың дәлдігін тексеру мақсатында 
анықтайды. Суспензияның қажетті мөлшерін өлшеп алып, кептіреді содан 
соң құрғақ қалдықтың салмағы анықтайды. 
14. Су сығындылары. Аныктау. Су сығындыларына койылатын 
талаптар. Сапанын негізгі көрсеткіштері 
Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың 
синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. 
Олардың құрамында биологиялық белсенді заттардың комплексі болады; 
ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек 
және экономикалық тиімді. 
Өсімдіктерден препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге 
көптеген балласты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік 
шикізатынан тек қана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар 
дайындалады. 
Қайнатпа мен тұнбалар
дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex 
tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар
себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жетімсіз 
экстрагенттердің қолдануын талап етпейді. 


КСРО МФ ХІ басылымында өсімдік шикізатынан сулы сығындылар 
дайындау, сапасын бағалау және оларға сипаттама берілген, құрғақ және 
сұйық экстракт-концентраттардан сулы ерітінділер дайындау 
регламенттелген. 
Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр 
экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дәрілік түр 
екендігіне қарамастан, сулы сығындылар қазіргі кезге дейін өзінің 
маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Алу жолына және шикізат құрамына 
байланысты сулы сығындылар келесі топтарға бөлінеді: тұнбалар (Іnfusa), 
қайнатпалар (Decocta), шырыштар – (Mucіlagіnіs). 
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен, 
жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, 
тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар - 
жалбызтікен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйінінен алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет