1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Эмульсиялардың сапасын бақылау. 
Дайындалған эмульсиялардың 
сапасын басқа ішуге қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлердің сапасын 
анықтау көрсеткіштері бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға 
тән көрсеткіштер анықталады. 
1. Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы. 
Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңіл қабатқа бөлініп 
кетеді. Егер 500С-қа дейін эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа 
бөлінбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелінеді. 
2. Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға 
маңызды көрсеткіш болып саналады. Оны анықтау үшін арнайы құрал 
(вискозиметр) қолданылады. 
3. 15 000 айн./мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар 
қабатқа бөлінбеуі керек. 
4. Біртектілігі. Эмульсиялардың біртектілігін микроскоппен қарап 
анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда біртекті тұрақты 
эмульсиялар сүт тәрізді болуы керек. 
13. Суспензия дәрiлiк калып ретiнде сипаттамасы. Гидрофильдi және 
гидрофобты заттардан суспензия алу технологиясы. Суспензиянын 
сапасын бағалау 
Суспензиялар
- (Suspensіones) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1, 500 
б. 
«Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына 
енгізілген. КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала 
енгізілген. 
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан 
тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық 
дәрілік түр.
Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ. Бөлшектер мөлшерінің 
үлкендігінен жартылай өткізгіш мембранадан диффузия құбылысы 
жүрмейді. Сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процесі жүргізілмейді. 
Кинетикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән
ауырлық күші әсерінен бөлшектер тұнбаға түседі. Егер бөлшектер бір- 
біріне жабыспай еркін тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды
ал егер бөлшектер молекулалық ілінісу күші әсерінен жабысып үлпектер 
түзіп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды. 


Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар. 
Артықшылықтары
: суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік 
заттарды босатуға болады, әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар 
ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен 
салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен 
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік 
заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар 
ұзақ әсер етеді. 
Кемшіліктері
: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл 
дозаланбайды. 
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды 
босату мүмкіндігі жоқ. 
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында) болып 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет