1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Асептика, түсінік. Асептикалық жағдайларда дайындалатын



Pdf көрінісі
бет37/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ОФТ 90

19.Асептика, түсінік. Асептикалық жағдайларда дайындалатын 
дәрілік түрлер. Дәрілік препараттың микробтық тазалығының 
маңызы және микробтық контаминация түрлері. Құрамына 
антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер. Сипаттамасы. 

Асептика
- дәрілік препараттарға микроорганизмдердің технологиялық процестің барлық 
сатысында түсуін минимумға келтіруге мүмкіндік беретін іс-шаралар комплексі, жұмыс 
режимі. 
Асептикалық жағдайда дайындауды талап ететін дәрілік түрлерге:
- шаншуға арналған дәрілік түрлер; 
- микроорганизмдері жоқ қуыстарға енгізілетін, ирригациялық ерітінділер; 
- көзге арналған дәрілік түрлер (көз тамшылары, офтальмологиялық ерітінділер, көзге 
арналған жағар майлар); 
- құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер;
- жарақаттарды, кілегей қабықтарды емдеуге арналған дәрілік түрлер (сеппелер, жағар 
майлар, ерітінділер);
- жаңа туған және бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер жатады. 
Асептика жағдайын қамтамасыз ету үшін микробтық 
контаминация көздерін
ескеру қажет. 
Оларға: бөлме, ауа, дәрілік заттар, қосымша және орамдау материалдары, еріткіш, сонымен 
қатар жұмысшы персонал жатады. 
Бұл дәрілік түрлерді асептикалық жағдайда дайындау және стерильдеу қажеттілігі келесі 
жағдайларға негізделген:
1. Құрамында микроорганизмдері бар дәрілік заттарды тікелей қанға енгізген кезде, организм 
зақымданады. 
2. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің асептикалық жағдайда дайындау 
қажеттілігі, дәрілік түрге түскен микроорганизмдердің ферментімен олардың бұзылуына 
байланысты, эффективтілігі жоғалады. Антибиотик белсенділігі микроорганизмдердің өсуін 
тоқтатуға шығындалады, сонымен қатар антибиотиктер жоғары температура әсерінен 
белсенділігі жойылады, сондықтан оларды стерильдеуге болмайды. 
Асептикалық жағдайды әзірлеу келесі мәселелерді қарастырады:


1. Арнайы бөлмелердің - асептикалық блоктардың болуы.
2. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлерді дайындау кезінде 
санитарлық ережелерді сақтау. 
3. Қосымша материалдарды, дәрілік заттарды дайын дәрілік түрлерді стерильдеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет