1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы
, физикахимиялық қасиеттерінің 
ерекшіліктерінде: сақтау мерзімі қысқа, қышқыл әсеріне сезімтал (әсіресе пенициллин), 
жартылай ыдырау периоды қысқа, көптеген қосымша заттармен әрекеттеседі, суда қиын ериді 
(кейбір антибиотиктердің сулы ерітінділері толық тұрақты емес), термолабильді (оларды 
термиялық стерильдеуге болмайды). 
Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер технологиясы
, сол дәрілік түрлер 
басқа дәрілік заттармен дайындалатын технологиялық тәсіл бойынша жүргізіледі. Сонымен 
қатар құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлерді дайындау кезінде төмендегі 
жағдайларды ескеру керек: - антибиотиктер ферменттердің әсерінен (мысалы, пенициллиндер 
пенициллиназаның әсерінен), өзінің белсенділігін жоғалтады. Сондықтан құрамына 
антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер асептикалық жағдайда дайындалады; - негізінен 
антибиотиктер суда ериді. Олардың сулы ерітінділері жеткілікті тұрақты емес. Сондықтан 
дәрілік препараттардың құрамына суспензия түрінде енгізу дұрыс; - көптеген антибиотиктер 
қышқылдар және сілтілер әсерінен гидролизге ұшырайды, сондықтан антибиотиктердің 
дәрілік препараттағы тұрақтылығы ортаның рН мәніне байланысты болады. Антибиотиктердің
инактивациясы сонымен қатар этанолдың, глицериннің, ауыр металлдар тұздарының 
қатысында да жүреді; - антибиотиктер көптеген дәрілік және көмекші заттармен әрекеттеседі, 
сондықтан күрделі жазылымдарда компонентерінің сыйымдылығын аса мұқият тексеруді 
қажет етеді; - көптеген антибиотиктер термолабильді, сондықтан термиялық стерильдеуге 
төзімсіз; - құрамында антибиотиктері бар дәрілік препараттар, антибиотиктердің қасиетіне 
және олардың тазарту дәрежесінің төмендігіне байланысты, сақтаған кезде тұрақсыз. 
Антибиотиктермен дәрілік түрлер дайындау
. Пенициллиндер - эффективтілігі жоғары, 
улылығы төмен антибиотиктер. Пенициллиндерді қолдану кезінде олардың ағзадан тез 
бөлініп шығатынын ескеру керек, сондықтан оларды міндетті түрде тәулігіне 4-5 рет 
белгілейді. Енгізу санын дозасын жоғарылату арқылы қысқарту негізсіз, себебі сирек енгізу 
кезінде қанда да, зақымдалу ошағында да антибиотиктің терапевтік концентрациясын тұрақты 
ұстап тұру мүмкін емес. Дәріханада пенициллиндермен жиі: көз, мұрын және құлақ 
тамшылары, қуыстарды жууға арналған ерітінділер, ұнтақтар, сеппелер, көзге арналған және 
дерматологиялық жағар майлар дайындалады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет