Салыстырмалы тығыздығы:тығыздықты анықтауда 2 әдісті қолданады яғни ареометрдің көмегімен жүзеге асады.
Этанол мөлшері:сұйық экстрактілерде 75% болу керек.
Метанол және 2-пропанол:барлық экстрактыларға сай құрамында спирті бар экстрактылерге 0.05% дан аспауы керек.
Құрғақ қалдық: Жазық түптi табақшаға немесе диаметрi шамамен 50 мм және биіктігі шамамен 30 мм бюксқа 2.00 г немесе 2.00 мл экстрактыны құйып , су моншасында құрғағанша буландырады және кептiргiш шкафта 100 ° C - ден 105 ° C - ге дейінгі температурада 3 caғ бойы кептiредi . Бюксты эксикаторда фосфор ( V ) оксиді Рүстінде суытады және өлшейді . Нәтижені салмақтық пайызда немесе литрдегі граммен көрсетеді.
Қою экстрактылар сұйық пен қою экстрактылардың арасындағы консестенциядағы препараттар болып табылады.Олада қолданылатын еріткішті ішінара буландыру арқылы алады.Құрамындағы құрғақ қалдық мөлшері 70% дан кем болмауы керке.Ал эатанол 23%.Қойылатын талаптар құрғақ қалдық: Жазық түптi табақшаға немесе диаметрi шамамен 50 мм және биіктігі шамамен 30 мм бюксқа 2.00 г экстрактыны салады , су моншасында құрғағанша буландырады және кептiргiш шкафта 100 ° C - ден 105 ° C - ге дейінгі температурада 3 caғ бойы кептiредi . Бюксты эксикаторда фосфор ( V ) оксиді Рүстінде суытады және өлшейді . Нәтижені салмақтық пайызда немесе литрдегі граммен көрсетеді.
Құрғақ экстрактылар-орады дайындау үшін пайдаланылған еріткіштерді кетіру арқылы алынатын препараттар.Этанол құрамында 5% дани көп болмауы керек.Қойылатын талаптар кептірілген масса шығыны: Дәл қою және құрғақ экстрактылармен бірдей бірақ процесс барысында су моншасына салып кептіріп алудын қажетті жоқ.
Барлық экстрактыларды тығыз жабылған контейнерде және жарық түспейтін жерде сақтау қажет және де барлығына ортақ Ауыр металдарға сынау:
1.0 мл сұйық экстрактыға немесе 1.00 г қою ( құрғақ ) экстрактыга 1 мл күкірт қышқылын Р қосады , қыздырғышта абайлап жағады және муфель пешінде күйдiредi . Алынған қалдықты қыздыра отырып , 5 мл 615 г / л аммоний ацетаты Р ерітіндісін қосады , күлсіз сүзгі арқылы сүзеді , 5 мл сумен Р жуады және сүзіндінің көлемін сумен Р 100.0 мл - ге дейін жеткізеді . 12 мл алынған ерітінді ауыр металдарға сынаудан өтуі тиіс . Салыстыру ерітіндісін қорғасынның стандартты ерітіндісін ( 1 млн Pb2 + ) P пайдаланып дайындайды .