3 сұрақ.Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық мәдениеттәі белгілері:дайын өнімдерді дайындау емес, иелену,еңбек құралдарының жетілмегендігі ,адамдардың бірігіп еңбек етуі,алғашқы қауымдық комунизм .Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.
4.. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек). .Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т.б.
4 сурак
Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде орналасқан.
Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады.
Академик В.П.Алексеевтің берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған".
Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.
Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.
Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған.
Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған.
Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған.
Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.
Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті. Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.
5 сурак
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты.
Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуіл, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған.
Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.
Көшпелі шаруашылық түрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, ІҚазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта шеніне жататын, бір жерде шоғырланған Қараоба, Тасмола, Сыпыраоба, Қарабие деп аталатын рулық қауымдық зираттар осындай ұзақ қыстап отыратын жерлерге салынған сияқты. Бұл тайпалардың негізгі түліктері қой, жылқы, түйе болған.
Қазақстанның кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жарртылай көшпелі мал шаруашылығы да қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Мал шаруашылығының бұл түрі сақ-үйсін заманында-ақ дала мен таулы аймақтарда қалыптаса бастады. Мұндай аудандарға Жетісудың, Шығыс Қазақстанның тау етектеріндегі аймақтар жатады. Бұл аймақты мекендеген халық малды жазда биік таулы жайлауда бағып, қыста тау етегінде, тау қойнауындағы қыстауларда қыстатып күн кешкен. Кейде олардың қыстаулары Алтай, Тарбағатай сияқты биік таулармен сілемдесіп жаткан аса биік емес, қары аз Қаратауда болатын. Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы ұсақ өзен, бұлақтардың жағасына егін салатын. Олардың негізгі дақылдары: тары, арпа, бидай. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді.
Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты бекіністі қалашықтар қалыптасты.
Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы малшы қауымдар аз болған жоқ.
Жоғарыда біз сипаттап жазған мал шаруашылығының үш түрі, олардың таралған аймақтары жөніндегі пікірлерді жалпылау, топтау түріндегі тұжырымдар деп түсінген жөн. Әйтпесе мал шаруашылығы мен көшпеліліктің осы аталған түрлерінің арасында талай араласқұралас нүсқалары да болған. Мал шаруашылығының аталған түрлері белгілі бір аймақтарда таралды десек, мұны да белгілі бір шарттылықпен түсіну керек. Мұнда біз белгілі бір аймақтарға көбірек төн мал шаруашылығы түрлерін атадық. Әйтпесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу мен Шығыс Қазақстаннан басқа Батыс, Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында да дамыған. Мысалы, б. з. д. 1-мыңжылдықтың екінші жартысында батыс өңірлерде өмір сүрген сарматтар өздерінің қыстауларының маңында қималап немесе шатыршалап ірі зираттар, мінәжат жасайтын орындар салған (Бесоба, Сынтас). Есіл бойындағы б.з.д. VIII—II ғасырларға жататын, адам үзак мекендеген Боркы, Қарлыға, Кеңөткөл қоныстарын зерттеу Солтүстік Қазақстанды мекендеген кейбір тайпалардың жартылай отырықшылық өмір кешкенін көрсетеді. Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде де тіпті орта ғасырлардың соңына дейін жартылай көшпелілік болғанын дәлелдейтін деректер бар.
Жартылай көшпелілік Оңтүстік Қазақстанда да біршама таралған. "Ұйғарақ пен Төгіскенді қалдырған сақ тайпалары жартылай көшпелі болған" деген пікір бар. Ал енді нағыз көшпелі шаруашылық үлгісі ретінде есептелетін адайлардың өзінің Жем бойындағы бөліктері отырықшы болған, ірі қара малын өсірген екен.
Көшпеліліктің біз атаған үш түрі бірінен соң бірі келмеген, әр заманда, әр аймақта көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылықтары қатар өмір сүрген.
Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз аумағына таралды. Монғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды.
XVII—XVIII ғасырлардағы шығыста жоңғарлармен, батыста қалмақтармен соғыс қазақ халқының шаруашылығына өз әсерін тигізді. Көші-қон жолдары, бағыттары өзгерді, жайылым бірде тарылып, бірде кеңіді, мал басы азайды. Жоғарыда келтірілген екі мысал этносаяси жағдайлар халықтың шаруашылық құрылымының, бағытының өзгеруіне әкелетіндігін көрсетеді.
Көшпелілердің өсірген түліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.
Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған.
Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген.
Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын. Сонымен қатар сол заманның ақсүйектері, қолбасшы батырлары жерленген үлкен қорымдардан (Пазырық, Берел) тұрқы биік аттардың да сүйегі табылған. Сақ дәуірінде жабы сияқты төзімді, жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері Шығыс Қазақстан жеріндегі Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері сүрыптап шығара алғандығының белгісі.
Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы жылқылардың тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер заманында кең таралып, өз жалғасын тапты.
Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған.
Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді.
Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген.
Ортағасырлық монғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың осындай тұқымы кеңірек таралған болуы керек.
Қазақтың ежелден қолға үйреткен төрт түлігінің бірі — түйе. Қазақстан, Орталық Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген аймағы болып есептеледі. Түйені қолға үйрету Арал, Маңғыстау өңірінде мөлшермен бұдан үш жарым мың жыл бұрын, яғни б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасында іске асқан. Үй түйесі Қазақстанның көптеген аймақтарында жабайы түйе — қаптағайды қолға үйретуден пайда болған.[1] 6 сурак