1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты


Жебе - ақ, - он екі тұтам қу, - қу - ақ Найза



бет7/24
Дата29.09.2023
өлшемі130,7 Kb.
#111582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
әдеби тіл лекция тезистер

Жебе - ақ,
- он екі тұтам қу,
- қу

- ақ
Найза - ақ алмас,


-ақ сапты болат)

- кескір,


Қылыш - өткір болат

- сауыт бұзар,


Оқ - масаттан соғылған
- төрт қырлы алмастан жасалған , т.б. болып келеді.

Екінші кезекте жырларда әлеуметтік немесе қоғамдық мәнді сөздер мен сөз тіркестеріне орын беріледі. Мысалы: хан, бек, сұлтан, асыл, дана, ер, бай, жыршы, би, қойшы, бәйбіше, алғаным, жұрт, жақын, кемпір, шешей, пақыр, пенде, келін, ақсақал, аға, іні, жақыны (жеті ата жақыны) және тұрақты сөз тіркестері қас болу, хабар салу, кеңес құру, т.б. қоғамдық-саяси лексикаға, оның ішінде әлеуметтік-тарихи мағынасы бар қолданыстарға жатады. Осы аталған сөздердің ішіндегі ақсақал, би, жұрт, т.б. терминдене бастаған сөздер. Өйткені келесі дәуірлерде бұлар термин ретінде тұрақтала бастайды.


Үшінші кезекте тұрмыстық лексика элементтері тұрады. Жырдағы саны жағынан өте көп сөздердің бұл тобын:
а)азық-түлік атаулары: құрт, шекер, бал, сүт;
ә) мал атаулары: бие, қой, жылқы, сиыр, бұқа, бура, мал, т.б.
б)малға байланысты құрал-жабдықтардың атаулары: таяқ, шылбыр, күйме, т.б.
в)мата атауларын білдіретін сөздер: мақпал, парша, т.б. деп бөлуге болады.
Сөз тіркестері: атанға саба арту, төрт саба қымыз, бір сауын лақты ешкі, ту бие, темірден кебіс, көк ала тай, алтын тон, тобылғы меңді торы ат, кіндік кесу, мерекелі той жасау түрінде келеді.
Бұл жырларда, әсіресе «Қобыланды батыр» және басқа да жырларда ономастикалық атаулардың қолданылуы өте жиі. Мысалы,оның ішінде:
а) адам аттары: Ақшахан, Қыдырбай, Ақару, Қобыланды, Бек, Тауып хан, Құртқа, Апар, Жапар, Бибіжан, Қошабай, Алшағыр хан, Айқасқа, Байқасқа, Көкемпиқасқа, Көкқасқа, Қозғалмас хан, Хансұлу, Ибажан, Қостөре хан, т.б.
ә) жер, су аттары көп болмағанмен, ұшырасады: Қаратас, Жайық, Жиренқопа, Бесоба, Ешкіқырған, Жирен, Тобылғытау, Егіздібұлақ, Балбұлақ, Айғырбүгілді, Қазан қаласы,Еділ суы, Жыланды тау, Қап тау, Бөкентау, т.б. Ерекшелігі ретінде таулардың атауынан соң тау, өзен, көл су атауларынан кейін көлі, суы (Қара ойықтың көлі, Еділ суы, Көк өзен) сөздерінің тіркестіріліп айтылуын атауға болады. Образдылықты білдіретін атауларға Қырық қақпалы Қырым, Қырық сан қырым, Алты күндік Қаптау, т.б. Бұлар нақты жер атауларынан гөрі бейнелі қолданысқа жатады, нақтылықты білдірмейді.
Жырлардағы ел, ру, халық атауларына тоқсан баулы ноғай, қара қыпшақ ноғай, қалмақ, сыбан, Қостөре елін жатқызуға болады. Қазақ халқының қалыптасуында белсенді қызмет атқарған ноғайлы елі, тоқсан баулы ноғайлы жұрты, қалмақ этнонимдік атаударын келтіре отырып, атаулармен байланыстыра олардың жақсы-жаман, оң-теріс жақтарын көрсетуі де жырлардың тіліндегі ерекшеліктерге жатады.
Бұл жырларда, атап айтқанда, «Қыдырбайұлы Қобыланды» жырында кездесетін мағынасы күңгірт сөздерге тәбісім (тәбісім ету), қасаба, зерең, заңғар (Жалғыз қара көргесін Заңғар қалмақ қуанды), үп (Қырық нарға үп артты), шеңші (Шеңші иттің зоры екен), ақшы (Ақшы болып еліне Қызыл басты барад), т.б. жатады. Бұл қолданыстағы заңғар есер, залым мағынасында болса, үп жүк мағынасында, ақшы (тілегін тілеуші, тілекші), мағынасын береді.
Кірме сөздер қабаты араб-парсылық сөздерден құралады. Діни сөздерден мақшар, шілтен, мадихаттау сияқты бірен-саран ғана сөздер ұшырасады.
Әр топтама бойынша алып қарағандағы көркемдеуіш, бейнелеуіш қолданыстарды жасалу жолына қарай бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. есім тіркестердің алдыңғы сыңары соңғысын анықтап тұрады. Мысалы, сауын сүт, қу шоқай, қырлы мылтық, қара жас, иесіз дүние, жолым дүние, қара бауыр құл, батыр ер, т.б. Шыбындай жан түрінде келетін теңеулер де кездеседі.

  2. Есім сөз бен етістіктің тіркесуі арқылы жасалған тіркестердің көбінің мағынасы тұрақталған тіркестерге айналған. Қазынаға салу, жасы төгілу, аққа тапсыру, түсі кету, қарасы көріну, жерігі қанбау, бауыры елжіреу, жүзі солу т.б. – осы қолданыстары күні бүгінде де сақталған. Ал ерекшеленіп тұрған, қолданысы жалпыға түсінікті емес тіркестер: ұйқыдан қату, құлынды сайлау, тойға түсу, аққа тапсыру, қамын айту. Бұл келтірілген мысалдардағы тіркестердің алдыңғы сыңарлары барыс, табыс, шығыс септік тұлғалы және тәуелділік жалғаулы болып келген.

  3. Атау тұлғалы есім мен етістік тіркесуі арқылы жасалған қолданыстарға: кеңес құру, той жасау, тілек тілеу, қайғы салу, тұл болу, жұлқыс салу, құдай алу, күн туу, тәбісім ету, т.б жатады.

Бетіне таңба салу, қош алу (жақсы деп қош алу), ақ жарылып күн туу, қош көру сияқты тұрақты тіркестерімен қатар, қойнына жас төгілу, ат бауырынан өту, бір көрсем деп шөлдеу - жеке стильдік қолданыстар.
Жырларда грамматикалық тұлғалардың жарыспалылығы байқалады. Мысалы, шаққа тәуелсіз, үнемі орындалып жататын іс-әрекетті –ар, -ер, -р және –ады (ауыспалы осы шақ) формасымен беру кездеседі. –ар, -ер,-р; -ып,-іп,-п; -ды,-ді,-ты,-ті және жіктік тұлғалардың (1-жақ, 3-жақ) қолданысы өте белсенді: Кезегімді бер деді, Қайратымды көр деді, Сонда Қобылан сөйледі; Сонда қалмақ долданды, Қорамасаға қол салды, т.б.
Грамматикалық тұлғалардың қысқартылған формалары жиі кездеседі: емен, бүй деді, болмағасын, болғансын, аяман, т.б. Би- кірме префиксінің тіркесуінен биарман сияқты сөз туындаған.
Септік формаларының элизияға ұшырауықұбылысы кездеседі: Жібекті көр де , шашым (-ды түсірілген) көр; Құдай тілегің (-ді түсірілген) бергесін, т.б.
Шежірелер тілін зерттеу әдеби тілдің талай күрмеулі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сондай құнды дерек­терге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шежірелердің бірі — XІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында жазылған “Жами' ат-тауарих” шежіресі, шығарма авторы — Қадырғали Жа­лайыр би. Бұл шежіренің 1854 жылы И.Н.Березин жарияла­ған мәтіні библиографиялық сирек кездесетін құндылыққа айналып үлгірді, ал Қазан университетінің Ғылыми кітапханасында сақталған екінші тізімі (текстологиялық, термин-список) де мамандардың қолына оңайлықпен түсе қоймайды.
Жылнаманың атауы шартты, өйткені алғашқы беті сақталмаған және оның тілін, тарихын зерттеумен аса көп шұғылданған татар зерттеушілері авторды “Кадр-Али бек” деп атаса, қазақ зерттеушілері “Қадырғали” дейді.
Бұл араб графикасымен жазылған, негізін қыпшақ тобы­на жататын түркі сөздері құрайтын мұраның тілін арнайы зерттеген көрнекті ғалым Р.Сыздықова: “Известно, что арабографических рукописях, как обычно, текст не снабжается знаками препинания, отсутствуют заглавные буквы. Чтобы облегчить его современное прочтение, мы разбиваем текст на предложения, проставив соответствующие знаки препина­ния”, — дейді (Язык Жами ат-тауарих. — Алматы: Наука, 1989, 4-б.).
Жылнаманың тілін зерттеген З.А.Хисамиеваның есебінше, түркі қабаты — 58 %, араб сөздері — 28%, парсы сөздері — 13%, орыс және монғол сөздері — 1%-дан тұрады екен.
Ескерткішті лексикалық және грамматикалық тұрғыдан зерттегеннен соң ғалым Р.Сыздықова бұл шығарманы “қазақтың ескі жазба әдеби тілін танытатын бірден-бір құнды ескерткіш” деген қорытындыға келеді.
Соңғы кездері әр ұлт ортағасырлық мұраларды өзіне телуге тырысып бағуда. Бұл тұста Э.Р.Тенишевтің: «Такими литертаурными памятниками надо пользоваться с большой осторожностью: когда исследуются близкородственные языки, легко принять за «свое» то, что не является «своим», - деген пікірін жадта ұстау керек. (Материалы по татарской диалектологии//Вопросы диалектологии тюркских языков. Баку, 1966, Т.ІҮ, С.216).
ХҮ ғасырдың алғашқы жартысында Алтын орда түрлі дәрежедегі объективті және субъективті себептердің әсер етуі барысында (өзара қырқысу, Куликов шайқасы, Әмір-темірдің шабуылы, т.б.) Алтын Орда ыдырай бастады. Алтын Ордадан бірте-бірте Сібір, Қырым, Қазан хандықтары, Ноғай ордасы, Қазақ және Өзбек хандықтары бөлініп шықты. Түрлі тайпалық одақтардың консолидациялық бірігуі нәтижесінде қазақтың жалпыхалықтық тілі пайда болды. Жалпыхалықтың ауызекі тілінің, сөйлеу тілінің элементтерімен қаныға берген тіл ауызша әдеби тілдің өмір сүруін қамтамасыз етті.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. түркілік ескерткіштердің тілі негізінде ресми іс-қағаздар стилінің іргесі қаланды. Бұл дәуірдегі ескерткіштер өте көп. Алтын Орда хандарының түрік сұлтандарына арнаған бітіктері, Махмудхан сұлтанның Мехмед сұлтанға жазған бітігі (1466 ж.), Сахиб-Герейдің жарлығы (1523 ж.), Тоқтамыш ханның жарлығы (1392 ж.) т.б. Татар ғалымы Ф.М.Хисамова бұл бітіктердің дәстүрлі арнау бөлігінде Х-ХІғғ. тән стандарттар мен штамптардың сақталғандағына көңіл бөледі (Татарский язык в Восточной дипломатии России (ХҮІ – начала ХІХ в.).
ХІҮ-ХҮІІ ғғ. түркі жазбаларында ил «народ», bitiq, ilci т.б. термин-сөздері сол алдыңғы дәуірден бері келе жатқан қолданыстарға жатқызылады. Сөз соңындағы қ, ғ-ның сақталуы да көне ұйғырлық алдыңғы дәуірдің белгілері қатарын толықтырады. Фонетикалық ерекшеліктеріне сөз басындағы й, көптік жалғауының -лар түрінде жазылуы жатқызылса, морфологиялық ерекшеліктерінің ең бастысы ретінде септіктің таза қыпшақтық формасының орын алуы айтылады (-ға,-гә; -ны,-не;-дан,-дән; -да,-де (-дә), т.б.). Өткен шақ -ды,-де; -мыз (1-ж.); жедел өткен шақ –ды; -ған - есімше формасы, -ып,-іп көсемше формасы т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет