1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ƏДІСНАМАСЫ



бет25/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

7. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ƏДІСНАМАСЫ
Жоспар:

    1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдары.

    2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар.

    3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлға.

1-сұрақ. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдары
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда:

      • ең əуелі мектепке керегі білімді, педагогика, əдістемеден ха- бардар оқыта білетін мұғалім;

      • оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы;

      • мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы- ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.

Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалім- нің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Оқу үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:

  1. Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:

      • бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;

      • курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;

      • бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап- тарды зерттеу жəне талдау;

      • оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сəйкестік тұрғысынан талдау жасау:

      • квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тəжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;

      • осы талаптардың оқу пəндері мен тəжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кəсіби əрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);

      • білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет