12
жасөспірімділікке қарай өзі-өзіне талдау жасай алады және өзінің өмірлік жоспарын құра
алады.
Л.И. Божович және Л.С. Славина жоғары өзіндік бағалау және тартымдылық
қандай да бір іс-әрекеттің шындық жетістігі негізінде қалыптаспайды, оған
айналасындағылардың берген қате, жоғары бағасы негізінде қалыптасады деді.
Жеткіншектік кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістер баланың өзіндік ішкі әлемінің
ашылуымен, оның күрделілігімен байланысты. Өзіндік бағалаудың және «Мен»
бейнесінің қалыптасуы жеткіншектік кезеңнің негізгі психологиялық процестері және
оның негізгі жетістіктері болып табылады.
Жеткіншек тұлғасының дамуындағы маңызды сәттердің бірі – оның өзіндік
санасының, өзіндік бағалауының, өзін тұлға ретінде тану қажеттілігінің қалыптасуы.
Жеткіншектік кезеңде балада өзіне, өзінің ішкі жан-дүниесіне, дербес тұлғалық
сапаларына және басқа құрбыларымен өзін салыстыруға деген қажеттілік туындайды. Ол
өзіне мән беріп, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға тырысады. Өзіндік санаға
деген қажеттілік өмірден, тәжірибелік іс-әрекеттен туындап, ересектер тобының
талаптарымен анықталады. Жеткіншектің өз мүмкіндіктерін бағалау қажеттілігі оның
ұжымда өз орнын табуға деген әрекеттің негізінде туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: