№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы


Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінді



бет3/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция (2)

Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінді:

1.Шан (Инь)-(б.д.д.18-11 ғ.ғ)

2.Чжоу дәуірі-(б.д.д.11-3 ғ.ғ)

3.Цинь дәуірі-(б.д.д.221-207 ж.ж)

4.Хань дәуірі-(б.д.д.III ғ-б.д.д.II ғ)

Шан-Инь дәуірі. Б.з.д II мыңжылдықтың екінші жартысында Ганьсудан Шаньдуньға және Хэбейден Ханань мен Цзянсиға дейінгі ұлан-ғайыр территорияда өзендердің жағалауларында бытыраңқы жатқан ерте қалалық қоныстар пайда бола бастады. Шан қоғамы дамып келе жатқан қола ғасырында өмір сүрді. Оған орнықты отырықшылық, қалалар, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі тән болды. Шандықтар мекендеген Орта Қытай жазығы б.з.д. III-II мыңжылдықтарда егіншілік үшін аса қолайлы болды, оған өзен аңғарларының құнарлы топырағы, тұрақты жаңбыр сулары мен субтропикалық климат ықпал етті. Астық дақылдарынан Шандықтар сұлы, бидайдың түрлерін, тарының екі түрін (қара және сары), жеуге жарамды дәндері бар сора өсірді. Астықтан бөлек, Шандықтар бау-бақша дақылдарын, жібек шаруашылығы үшін қажет тұт ағаштарын өсірді. Өнім бүтіндей жаңбыр суына тәуелді болды, бұл жөнінде бал ашу жазбаларында тікелей дәлелдер бар. Шандықтар күріш дақылын игерген-игермегендігі толық анық емес, егер игерген күннің өзінде, ол да жаңбыр суымен өсірілген, өйткені Шандықтар ирригацияны білмеді.

Шан (Инь) патшалығында қолөнер жоғары дәрежеде дамиды. Оның астанасының қираған орнынан қола бұйымдарын жасайтын құю шеберханасының қалдықтары табылған. Мұнда дайын өнімнің қалдықтары мен қоқыс қана емес, сондай-ақ құю қалыптары да сақталған.

Керамика, атап айтқанда ақ балшықтан (каолиннен) бұйымдар жасау шеберліктің жоғары дәрежесіне жеткен. Қыш шеңбері белгілі болған. Ағаш материалдары да кеңінен қолданылған: үйлер (тіпті сәулетті сарайлар да) ағаштан салынған. Егіншіліктен қолөнердің бөлініп шығуы айырбастың дамуына алып келді. Бағаның өлшемі қызметін ерекше қабыршақтар (каурилар) атқарды. Шығыс Азияның әр түрлі елдерімен, атап айтқанда мыс пен қалайы өндірілетін Янцзы бассейнімен (ол Қытай жеріне кірмейтін) сауда байланыстары орнады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет