№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы



бет5/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция (2)

Батыс Чжоу дәуірінің жазба деректері қатарына эпиграфикалық ескерткіштер, ең алдымен қоладан жасалған заттарға жазылған жазулар жатады. Тек Чеңуаңның кезеңіне ғана тән 30 дан астам осындай жазулар сақталған. Алғашқы Чжоу билеушілері Чжоугунның, одан кейін билік құрған кезеңдері онша ұзақ болған жоқ. Олар бар-жоғы б.з.д. 1025 жылдан 948 жылға дейін билік құрды. Бұл Батыс Чжоу мемлекетінің тарихындағы ең бір даңқты жылдар болған еді. Дәл осы дәуірде, чжоу мемлекетінің өкіметтік билігі қалыптасты. Оның мысалы ретінде, Аспан мандаты тұжырымдамасының қалыптасуын айтуға болады. Шандықтардың басқару жүйесін өздеріне қабылдай отырып, олар астананы жаңа орынға көшіріп, жаңа қалада әкімшілік биліктің орталықтандырылған түрін енгізді. Батыс Чжоу мемлекеті өзінің өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған тайпалардың шабуылына қарсы тұру әрекетімен айналысты. Чжухоулардың сепаратизмі күшейген сайын шаңдардың әскери қуаты әлсіреп, патша өкіметінің беделі төмендей түсті. Чжоу билеушілері елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысынан қысқан тайпалардың шабуылын күннен күнге, әзер күшпен тойтарып отырды. Б.з.д VIII ғасырында Орталық Азияның ішкері аймақтарынан келген көшпелі тайпалардың қысымымен, чжоулықтар Вэйхэ өзені аңғарын мекендеген ата қоныстарын тастап көшуге мәжбүр болды. Б.з.д. 771 жылы Юуаңның әскерін көшпенділер талғандаған соң, ол өзі тұтқынға түседі, содан кейін оның ұлы Пинуаң астананы шығысқа, жаңа астана Лои ауданына қарай көшіреді. Осылайша, б.з.д. 771-770 жылы елдің астанасын Лои қаласына көшірумен Батыс Чжоу дәуірі аяқталады.

Шығыс Чжоу дәуірі. Шығыс Чжоу дәуірі өз ішінде тағы 2 кезеңге бөлінеді: «Көктем мен күз» немесе «Чуньцю» кезеңі (б.з.д. 770-475) және «Чжаньго» патшалықтары немесе «Соғысушы патшалықтар кезеңі» (б.з.д. 475-221 ж.ж.). Аталған тарихи кезеңдер сол заманның саяси-тарихи процестерінің даму үлгісін дәл айқындайды. Батыс Чжоу дәуірінде чжоулық орталықтанған мемлекеттің негізі қалыптасып, оның орнығу кезеңін бастан кешірді. Ал, «Чуньцю» дәуірінде бұрынғы жекелеген дербес жер иеліктері біртіндеп орталықтанған мемлекет құрамына біріге бастайды. Ал «Чжаньго» дәуірінде Чжоу мемлекетітігі күйреп, Қытай жерінде бірнеше дербес мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет