Деректері. Египет деректерін үлкен 7 топқа бөлуге болады.
1. Жазбаша деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиет туындылары, ғылыми және діни текстер, документтер, нұсқаулар және т.б.
2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, бекіністердің, үйлердің, гробницалардың, керамика, күнделікке қажетті затардың қалдықтары.
3. Халық ауыз әдебиетінің туындылары, ескерткіштері: /фольклор/: әндер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, эпикалық әңгімелер және т.б.
4. Тілдік ескерткіштер: басқа тілден кірген сөздер, әр кезеңге байланысты оның өзгеруі.
5. Этнографиялық материалдар: дәстүр, салт-сана, діни наным-сенім, өткен дәуірден кейінгі кезге дейін сақталған дәстүр көріністері.
6. Антропология ескерткіштері: мумии, склеттер, ертедегі тасқа, жер бедеріне салынған адамдардың бет пішіндері т.б.
7. Географиялық қоршаған орта мен ондағы өмірдің адамдардың қызметіне байланысты өзгеруі: каналдардың, дамбылардың жолдардың қалдықтары. Ежелгі Египеттің тарихы мен мәдениеті туралы өте көп материалды біз жазбаша деректерден аламыз.
Француздың атақты ғалымы Ж.Ф. Шампольон иеорглифтік жазудың құпиясын ашқаннан бастап ғалымдар көптеген жазбаша деректерді оқып, аударып, зерттеп оның мәнін ашты. Тарихшы үшін ең құнды деректер қатарына оның тарихшылар жазған еңбектері, ежелгі египеттіктердің өз тарихын зерттеулері құнды зат. Сицилиядағы Палермо тасына жазылған ертедегі жазу плитадағы сақталған, Палермо тасы деген атауға ие болған. Ондағы жазып қалдырылған тексте династияға дейінгі дәуірден V династия арасындағы билікте болған фараондар туралы жазған: олардың ірі жорықтары, Нілдің өте күшті тасыған жылдары туралы жазылған.
Тарихи дерек қатарына «Тутмов ІІІ Анналысы» жатады /ХVІІІ дин/,
Карнак-Фив қаласының қабырғасына жазылған, храмның қабырғасындағы жазу. Сарай маңындағы жазып қалдырушы онда тек қана Тутмов ІІІ патшалығы мен жорықтарынан басқа сол кездегі елдің тарихи дамуына тоқталған, автор өз жазуында Египетті құдайдың ерекше қолдауына ие болған, дүниенің орталығы ретінде суреттейді. «Тутмов ІІІ Анналысы» өте түсінікті әдеби тілде жазылған, салыстырмалы түрде анық етіп жазылған дерек.
Адамзат баласының алғашқы қоныстарының бірі болған, дүниенің жеті кереметінің бірі-Египет пирамидалары орналасқан, ежелгі Египет патшалығының тарихы жылдан жылға жас зертетушілерді қызықтыра беретіндігі сөзсіз. Египет Жерорта теңізі маңындағы ең ірі алғашқы мемлекеттердің біріне жатады. Африканің солтүстік шығысына, дүние жүзіндегі ең ірі өзен Ніл өзені бойына орналасқан Егпетті алғашқыда «Кемет елі», «Қаралар елі», «Нілдің суын ішушілер» деп атаған. Ніл өзенің ағысына қарай оны Жоғарғы Египет және Төменгі Египет деп атаған. Египеттің орналасқан географиялық территориясындағы қатал климат, өте ыстық, экваторлық зонада орналасқандығына да байланысты онда ерекше өмір, ерекше өркениет, ерекше қоғамдық қатынастар, әртүрлі әлеуметтік таптар, олардың өзіне тән ерекшеліктері болды.
Ежелгі Египет тарихын, мәдениетін 4 мың жыл бойы әр түрлі деректер мен жазба деректерге сүйеніп оқып білеміз, олардың түрі, мазмұны да әр түрлі: жазбаша деректер, дәстүрлер, рухани өмірі, материалдық мәдениеттің ескерткіштері заттай, тілі.
Ең ертедегі Египеттің тарихи дерегінің қатарына жататын ол жрец Манефонның шығармалары /Мер-не-Тхути/ б.э.д. ІV-ІІІ ғғ. жазылған. Манефон грек тарихнамасымен өте жақсы таныс болған, сондықтан соған байланысты өз еңбегін грек тілінде жазған, ол Египет тарихи дәстүріне байланысты қызмет еткен, египеттік жрец, жергілікті архив материалдарын пайдалана отырып Ежелгі Египет тарихын ең ертеден бастап жазған. Манефонның «Тарихы» аз ғана қалдықтары сақталған, соның өзі оның өте көп қызмет еткендігін көрсетеді.
Манефон еңбегінде болған оқиғаларды тек баяндап қана қоймайды, ол сол династиялардың, жекелеген фараондардың ішкі және сыртқы саясаттарына толық тоқталады. Діни адам ретінде қандай да бір тарихи оқиғаның болуы ол құдайдың бастауынан дейді, бірақ оған өте аз ғана көңіл бөледі.
Манефонның өте үлкен еңбегі ол билік жүргізген 30 фараонды ішкі сыртқы жүргізген саясаттарына және туыстығына байланысты 10-ға 3-тен бөледі, топтастырады. Египет тарихын классификациялау Манефонның топтауы арқылы зерттеліп, оқытылып келе жатыр. Осыған сүйене отырып Ерте, Орта, Жаңа және Кейінгі патшалық деп дәуірлеуді Ежелгі Египет тарихын оқытуда қолданылып келеді. Ежелгі Египет тұрғындары аралас болған. Гробницаларға және суреттерге жүргізілген антропологиялық зерттеулер арқылы Фл. Петри ежелгі Египет жерінде әртүрлі төрт нәсілді ашқан. Оттеркинг зерттеуі бойынша оның нәсілінің құрамына: бушмендер, негроидтар, ливийлықтар, хамит-семиттердің этникалық араласуынан құралған ерекше нәсіл: өте нәзік және өте тұрпайы түрі пайда болған. Ал египет халқы өте ежелгі кезеңде қалыптасқан. Ең ежелгі кезеңде, әлі вавилиондық семиттердің көші басталмаған кезде шумер тайпаларының бір тармағы Аравиядан теңіз арқылы батысқа бет алған. Египет тілінің семит тілімен туыстығы ондағы түбірінен, суффикс, грамматикалық түрінен үш әрппен жазылуынан көрінеді. Ол ежелден келе жатқан этнографиялық байланысты көрсетеді. Сонымен бірге Египет пен Вавилионның мәдени байланысын көрсететін тұрмысы мен өнеріндегі ұқсастықтар да бар. Азиаттық байланысқа оның флорасы мен фаунасы мысал бола алады. Египеттіктердің қасиетті ағашы-сикомоар-аравия жерінен (Швейнфурт); Азиядан Египетте ежелгі кезден кездесетін виноград, нан өнімдері, өгіз бен ешкі әкелінген.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Египет қай жерде орналасқан?
A) Оңтүстiк Африкада.
B) Орталық Африкада.
C) Шығыс Африкада.
D) Батыс Африкада.
E) Солтүстiк Шығыс Африкада
Ежелгi Шығыстағы ең үлкен өзен қайсы?
A) Евфрат.
B) Хуанхэ.
C) Ганг.
D) Нiл.
E) Инд.
Ахеменидтер династиясы қай мемлекетте:
A) Элам
B) Қытай
C) Үнді
D) Карфаген
E) Парсы
Египеттіктер Критті қалай атады?
A)Минос
B)Санторин
C)Маринатос
D)Кефтиу
E)Лабрис
Ніл өзенінің ұзындығы?
Пирамида туралы не білесіз?
Египеттің кезеңдері мен деректері?
«Египетті сипаттау» еңбегінің авторы кім?
№ 3-4
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Ежелгi Мессопатамия. Вавилион патшалығы, кезеңдері. Заңдары 1. Халқы,тілі,шаруашылығы, деректері(жазбаша,заттай)
2. Қос өзен бойындағы алғашқы қала мемлекеттер.Шумер-аккад.
3. Ежелгі Вавилиония, Ассирия, Митани патшалығы.
4. Кезеңдері, деректер мен мәдениеті. Тарихнамасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ассирия патшаларыынң дипломатиялық қарым-қатнастары туралы деректердің жиынтығынан келесі тобы- Ассирия мен Вавилионның б.э.д.ХУ-ІХ ғғ. сипаттайтын синхрондық тарих жатады. Ол екі мемлекет арасындағы патша Ададнирари ІІІ кезіндегі жасалынған келісімдер туралы жазылған хаттамалар. Мемлекеттер арасындағы соғыс және бейбіт кезендегі қарым-қатынастарды сипаттайды. Бірақ ол дерек ассириялықтардың артықшылықтарын көрсеткендіктен де оны біржақты қарауға болмайды.
Келесі тарихи құжаттар қатарына жататын- жылнамалар болып табылады.ол белгілі бір кезеңді, немесе бір патшалық кезін қамтиды. Ең көп табылғаны ол Вавилиондық жылнамалар. Олар ерте кезден бастап жылнамаларды реттілікпен жазып отырған. Олар тарихи оқиғаларға бейбіт кезеңдегі және соғыс жағдайына сипаттаманы реттілікпен бере білген. Мысалы, Шульги патша, мына жылы, мына қаланы қиратты.. деген секілді.
Вавилиониядан бізге нақты хроника келіп жетті. Олардың бірі Вавилион патшалығындағы патшалардың билігі туралы тізім, қашан билікке келді, қашан кетті, өлді соны жазып отырған. Ең толық жазылғаны ассириялық таққа Тиглатпаласар ІУ отыруынан (б.э.д.745ж.) Шамашшумукин (б.э.д.688) патшалығына дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар бізге толық келіп жеткені Вавилионның ақырғы күндері Кирдің шапқыншылығына дейінгі аралықты қамтитын хроника. Вавилион патшаларының Ашшурбанипал патшасына дейінгі тізімі. Осындай тізім патшалардың Египет жерінен де табылған, онда ХУІІ династияға дейінгі фарондар тізімі келтірілген. Осы Туриндік патша папирусында жылы менайы, күні де көрсетілген. Бірақ, өкінішке орай ол Европаға апарыла жатқанда 164 бөлікке бөлініп қалды, көп бөлігі жапсырылған мен толық мәлімет бере алмайды. Жылнамалар сонымен қатар еврейлерде, финикиялықтарда да болған. Еврейлер кейіннен оны бізге белгілі «Патшалар кітабы» деген атпен жинақтаған. Ал финиякиялық хроникалар қалалар мен храмдарда жүргізілген, бізге белгілісі Иосиф Флавий жазбалары, оның кеінгі б.э.д.ІІ ғ. эллиндік жазбалары Менандр Эфесский мен Дияның жазбалары. Ол патшалардың тізімдері, ал бірде ондағы шаруашылықтар тізімі болып келеді.
Бізге келіп жеткен деректер қатарына жататындар ол жазу арқылы айтылған әңгімелер. Көптеген патшалар өздерінің істеген істерін, жорықтарын, салдырған құрылыстарын мадақтату үшін арнайы писцов ұстаған. Олардың жазғандарыЕгипет жерінде храмдарда сақталса, ал Ассирияда балшықтан жасалған көп қабатты призмаларға көшірілген және сарайларда сақталған, атақтыларының бірі- атақты Палерм тасындағы жазба.
1947 жылы «Свитков Мертвого моряны» ашу Библияны және дін тарихын оқуда жаңа мүмкіндіктер туғызды.
ХХ ғасырда көптеген елдердің археологтары , оның ішінде британия,неміс, және американдықтар Ур, Урук, Ниппур, Эридудегі храм кешендерін және басқа да діни орындарды тауып шуммерлік өркениеттің орнын ашты. Баспалдақты зиккурат- шумерлік құдайларға табынатын қасиетті орын, Месопотамия жерінде діни құрылыстардың көп салынғанын көрсетеді. Осындай храмдық кешендердің табылуы аңыздарда айтылғандай Вавилиония башнясы туралы деректер берді. Шумер тілінің құпиясын ғалымдар ХХ ғ. аяғында ашты.
Вавилон (ежелгі грек аударғанда Құдайдың қақпасы деген мағынаны береді) қала, Қосөзенде орналасқан(қазіргі Ирак, Бағдадтың оңтүстігінен 90 км). Ежелгі ғасырдағы үлкен қалалардың бірі болған. Вавилон- Вавилонияның астанасы болған патшалық 1,5 мың жыл өмір сүрген, содан соң Александр Макендонскийдің державасы болды. Жаулап алушылар Яхрурум тайпасынан шыққан аморейліктер шумерлік Кардингир қаласын таңдап алып, мемлекеттерінің астанасы етіп Вавилон деп атады (аморейлік Баб-илу яғни Құдай қақпасы)
“...Вавилон былай құрылған...Үлкен жазықтықта, төртбұрыш жасап жатыр, әр қиыры 21 312 м ұзындықта, төрт қабырғасының айналасы 85 248м. Вавилон тек үлкен болмады, сонымен қатар мен білетін қалалардың ең әдемісі болды. Қала терең, кең, суға толы шұңқырлардан қоршалған. Вавилон екі бөліктен құралған, өзенмен бөлінген, қаланың бірінші бөлігінен екінші бөлігіне өту үшін қайықпен өту керек. Ол Армениядан бастау алатын Ефрат өзені арқылы ағып өтеді.”-деп жазған антикалық авторлар.
Вавилион тоғайы да, құрылыс тасы да, металл рудалары да болмаған құнарлы жазықта орналасты. Кей жерлерде құрма пальмалары, ну болып өсскен қамыстар көрінді. Саз балшық мол болды.
Вавилион қолайлы орналасқан еді. Оның өзен портынан біз көптеген кемелерді көргенн болар едік. Олар үлкен қайықтарға ұқсады, кейбіреулері ағаштан істелген, бірақ ондайлары аз, бұл жерде ағаш қымбат материал болған. Қамыстан жасалынған, тұмсығы мен кең иілген қайықтар көп болған. Кейде қамыстан жасалып, сыртын терімен қаптаған мүлде жұмыс кемелер кездеседі. Бұл кемелер су ағысына қарай солтүстіктен оңтүстікке жақсы жүзеді, ал кейін өзенмен жоғары қарай олармен жүзу қиын болған. Көпестер кеменің қамыстан жасалынған қабырғалары мен түбін тастап, тері қабын есектерге артып алып, солтүстікке жаңа тауар алуға аттанып отырған. Солтүстікте қайтадан каркас жасап-ол қымбатқа түспейді, оны терімен қаптап, кемеге есекті де, товарларды да артып алған.
Вавилион патшалығы Хаммурапи тұсында жақсы дамыған. Ол елді өзінің Заңымен басқарды. Ел аймақтарға бөлінген, Хаммурапи бұлардың әрқайсысына өзінің атынан басқаратын чиновник тағайындады. Патша басты чиновниктерге жарлықтары мен бұйрықтарын өзі жіберіп отырды.
Егістікті суаруға Хаммурапи зор көңіл бөлген. Астана төңірегінен патшаның құрметіне «Хаммурапи –адамдар ырысы» аталған бас канал салынды. Су басты каналдан кішірек каналдарға келіп құйылып, одан егістіктерді суаратын құлақтар бойымен ақты. Егер бір канал бітелсе болғаны, су одан кішірек каналға жетпей қалатын. Патша каналдардың бәрі ұйықтар мен құмнан тазартылып тұруын қатты қадағалап отырды. Белгілі бір жерде каналды ұйық басып қалғанын білсе дереу аймақтың бастығына хат жазды. Патша елдің барлық егістіктерін каналдардың сумен қамтамасыз етуін қатты қадағалады, астық Вавилионияның басты байлығы болды, егер шаруалар жақсы егін өсірсе, салықты түгелдей жинауға болатын болды.
Хаммурапидің 282 баптан тұратын заңдарында мүліктің барлық түрлерін қорғау және оны ұрлаған жағдайда қандай жазалар қолданылатындығы жазылды, жазаларыы өте қатал болды. Хаммурапи заңдарынан мысалдар келтірсек: Егер біреу-міреу храмның немесе патшаның мүлкін ұрласа өлім жазасына кесілсін.
Егер біреу-міреу құлды немесе күңді ұрласа, ол адам өлім жазасына кесілуге тиіс.
Егер кімде-кім басқа біреудің құлын өлтірсе, ол адам құл орнына құл беруге тиіс.
Егер кімде-кім басқа біреудің өгізін өлтірсе, ол адам өгіз орнына өгіз беруге тиісті. Ал бір адам төбелесте біреудің құлын өлтірсін. Бұл өлім үшін Хаммурапи заңы бойынша құлдың құнын оның иесіне төлеуге тиісті. Құл-құлиеленушінің малы сияқты меншігі, оныкі болып табылатын кез келген басқа зат сияқты меншігі. Жалпы осыдан көріп отырғанымыздай Хаммурапи заңы үстем таптың мүддесін қорғаған.
1899-1917 жылдардағы қазба жұмыстары кезінде ежелгі грек авторларының куәгерлері дерекнама бойынша ежелгі Вавилонның(б.э.д VIғ) көрінісін бейнеледі. Ефрат өзені арқылы 2-ге бөлінген(батыс және шығыс),қала жоспарда тікбұрышты (алаңы шамамен 10 кв.км). 3 қатар кірпіш қамал, өркеш-өркеш алқап мұнаралардан және 8 қақпа бейнеленген. Бас қақпа Иштар көк әшекейлі кірпіштен, стильді рельефті суреттермен, сары-қызыл және ақ-сары айдаһар әшекейленген. Солтүстік бөлікте Навуходоносор ІІ қамалы, аспалы бағы орналасқан. Шығысында грек театрының б.э.д IVғ қалдықтары бар.
Хаммурапи кезіндегі Вавилония б.э.д ІІІ мыңжылдықта Қоссөзеннің территориясын иеленген аморей тайпасы болып, шамамен б.э.д ХХ ғ. тәуелсіз хандық құрды. Б.э.д 1895 ж. аморейлік көсем Суму абум орталық Вавилонияда патшалық құрады. Б.э.д 1800 ж Вавилон оңтүстік мемлекетінің орталығы болды, Ларса патшалығының бақылауында. Б.э.д 1764-1756 ж.ж Элам, Ашшур, Мари, Эшнунна, Сузиана басып алынып-бір орталықтанған Месопотамия державасы болды, ең атақты естелік ретінде Хаммурапи заңдары.
Вавилон-Ассирия әдебиеті шаруашылықтың әр қырын, жалпы және күнделікті халық өмірін көрсетеді. Вавилон-ассирия мәдениетінің өзгешелігі барлық әдебиет жанрларынан консерватизм болып келді. Жазушының басты мақсаты әдебиет шығармаларын жазу емес, болашақ ұрпаққа әдеби мұра ретінде қалдыру. Ежелгі Вавилионияда ғылым мен білім де дамытылды.
Математика. Вавилония практикалық есеп шығарып отырған, алаңды өлшеудегі, құрылысты құрудағы және т.б. Вавилон математикасында да қазіргі математикадағыдай принцип болды, бір сол сан бірнеше сандық мағына берген, сандық контекстте орын алғаныны қарамастан. Вавилондық сандық жүйе біздің заманымызда да бар, уақытты 60 минутқа, минутты 60 секундқа бөлген. Вавилондық жазушылар сонымен бірге планиметриялық есеп шығарған, өздерінің тікбұрышын,үшбұрыштарын қолдана отырып.
Вавилонияда астрономияда жақсы дамыды. Жұлдызды карта, сонымен
қатар телескоптың шыққан жері Вавилония болды.Вавилондық астрономия астрологиямен тығыз байланысты болды.
Зоология, ботаника және минералогия дамығандығы жануарлардың,
өсімдіктердің, тастардың тізімі табылғаннан байқалады. Антикалық авторларды, ғылыми зерттеушілер мен табылған материалдық дерктердің негізде Вавилион патшалығын билеушілердің тізімі жасалынған. Ол төмендегідей:
I Вавилон(аморей )династиясы (б.э.д. 1895 — 1595 ) 299 жыл басқарған
шамамен б.э.д .1895 -1881жж.;
Суму-абум шамамен б.э.д.1881 – 1845 жж.;
Суму-ла-Эль шамамен б.э.д.1845 – 1831жж.;
Сабиум шамамен б.э.д. 1831 – 1813жж.;
Апиль-Син шамамен б.э.д. 1813 – 1793жж.;
Син-мубаллит шамамен б.э.д.1793- 1750 жж.;
Хаммурапи шамамен б.э.д.1750 - 1712 жж.;:
Самсу-илуна шамамен б.э.д.1712 – 1684жж.; :
Абиешу шамамен б.э.д. 1684- 1647жж.;
Амми-дитана шамамен б.э.д. 1647 -1626 жж.;
Амми-цадука шамамен б.э.д. 1626- 1595жж.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Хаммурапи тарихта қандай еңбегiмен белгiлi?
A) Дүние жүзiн жаулап алумен.
B) Мәдениеттiң дамуымен.
C) Мемлекетке ортақ заң шығаруымен.
D) Ақындылығымен.
E) Философиялық ойларымен
Хаммурапи заңдарында ерекше мән берілген мәселе:
жер өңдеуге
A) Малшаруашылығына
B) жекеменшік
C) Жерөңдеуге
D) Коллективтік жерөндеуге
E) Қолөнерге
Хаммураппи заңы қай жерде қашан табылды?
A) Киш
B) Менфис
C) Ниневия
D) Ашшур
E) Сузах
«Қосөзен» сөзінің мағынасы?
Вавилиния патшалығының кезеңдері?
Хамураппи заңы неше баптан тұрады?
Ассирия қолбасшыларын атаңыз?
Ашшурпанапал жазбалары?
«Ассирия патшасының құдаңға хаты» мазмұнын айт
Митани патшалығы туралы не білесіз?
Шумер-Аккад кезеңі және оның маңызы?
Қала мемлекеттер дегеніміз?
№ 5
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Ежелгi Қытай мен Үндістан даму кезеңдерiне тоқталу 1. Ежелгі Қытай тарихындағы династиялар. Қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық белгілері. Чжоу, Шан-Инь
2. Хань,Цинь династиялары кезiндегi саяси-әлеуметтiк жағдайлар.
3. Вань-Мань реформасы, қызыл қабақтылар мен сары орамалдылар көтерлiсi.
4.Ежелгі Қытай мемлекетінің даму кезеңдері: Шань-Ин, Чжоу, Хань. Цинь.
5. Ежелгі Қытайдың табиғат жағдайы, тұрғындары. Ежелгі Қытай өркениеті
6. Ежелгі Үндістан патшалығының пайда болып даму кезеңі.
7. Деректер негiзiнде-Ведтiк,Буддалық және классикалық кезеңге талдау жасау.
8. Ежелгі Үнді қоғамынындағы касталық жүйе.
9. Ашока кезi. Мәдениеті, ғылым мен білім.
10.Мәдениеті, поэмалары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ежелгі Қытайдағы өркениет Хуанхэ өзенінің орталық ағысында (б.э.д.У-ІІ мыңжылдықта) саяси мәдениеттің негізінде пайда болған. Алғашқысында Хуанхэ бассейні ежелгі қытайлықтардың қалыптасу территориясы ретінде белгілі болды.
Б.э.д. І мыңжылдықта олар оңтүстік бағытта тарай бастайды. Хуанхэ өзені аймағындағы қолайлы климаттық жағдай жершаруашылығымен айналысуға қолайлы болды. Б.э.д. І мыңжылдықта тұрғындар өзен жағалауларына таяу жерлерге орналасты. Б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында Орталық Қытай жазықтығына орналасты.
Ежелгі Қытайдың барлық тарихын династияларға қарай кезеңдерге бөлеміз:
• «бес императорлар» кезеңі;
• «үш династия» кезеңі (Ся,Шан-инь, Чжоу). Ол Батыс Чжоу (б.э.д.ХІ-УІІІ ғғ.) және Шығыс Чжоу (б.э.д.УІІІ-ІІІ ғғ.) болып бөлінеді;
• «Цинь» дәуірі (б.э.д.ІІІ ғ.);
• «Хань» дәуірі.
Қоғамның дамуы төмендегідей әлеуметтік-экономикалық белгілерімен сипатталады:
• алғашқы-қауымдық құрылыстың ыдырауы.Ежелгі мемлекеттердің қалыптасуы (б.э.д.ІІ мыңжылдық);
• б.э.д.УІІІ-ІІІ ғғ. Қытай;
• алғашқы мемлекеттің пайда болуы-Уянь империясы (б.э.д. 221-207 жж.);
• Империя Хань (б.э.д.ІІІ-І ғғ.);
• б.э.І-ІІІ ғғ. Қытай.
Ежелгі Қытай тарихы дамыған неолит дәуірінен басталып, кем дегенде жеті мың жылды қамтиды. Оның үштен бірін ежелгі Қытай өркениеті дәуірі алып жатыр. Ежелгі Қытай өркениетінің басталуы б.з.б.220 жылына жатады. Хуанхэ өзенінің бассейні ежелгі қытайлықтардың этникалық бірлігі қалыптасқан негізгі территория болып табылады. Қытайлықтар өз елін «Чжунго» деп атайды. Бұл ежелгі атау. Ол Қытай тұрғындары өз Отанын әлемнің ортасында орналасқан деп санаған кезде пайда болды. Ежелгі атауы-«Чжунхуа» («хуа»-ежелгі қытай тайпаларының бірінің атауы).
Ежелгі қытайлықтар өздерін «ханьжэнь»-«Хань адамдары» деп атайды. Тарихи бұл атау ежелгі Хань әулетімен байланысты. Қытайдың еуропалық атауы-немістік Хина, французша Шин, ағылшынша Чайна-«Чин» сөзінен шыққан Цинь әулетінің үнді атауы. «Қытай» атауы қидан этнонимдерінен, орта ғасырларда Моңғолия, Маньчжурия және Солтүстік Батыс Қытайдың аумақтарында орасан зор империя құрған халықтан тараған.
Климаттық және табиғи жағдайлар бойынша Қытайды үш үлкен аймаққа бөлуге болады: солтүстік батыстың тау-шөлді аудандары және шұғыл континенталды климаты бар Тибет жазық тысы, климаты қалыпты және жылы, құнарлы топырағы бар Хуанхэ және Янцзы бассейндері және оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Қытайдағы субтропиктік аудандары. Хуанхэ төменгі ағысының бассейні дамыған өзендер мен көлдер жүйесінде, құнарлы ойпаттарда ерте адам қоныстанды. Су айдындарында балықтар көп болды. Ежелгі уақытта ормандар Гоби шөлін және солтүстік-батыстың шөл аудандарын қоспағанда, Қытайды түгелдей жапты.
Жарты миллион жыл бұрын Хуанхэ өзенінің бассейнінде исполиндік пілдер, мүйізтұмсықтар, алып бұғылар мекендеген. Оңтүстік Қытай аудандарында ежелгі адам тәріздес маймылдардың бірі-гигантопитектің сүйек қалдықтары табылды.
Мұздан кейінгі кезеңде Қытайдың климаты мен табиғаты айтарлықтай өзгерді, бірақ жүз мың жыл бұрын қазіргі заманғы Ордос шөлінің орнында ормандар болған.
Біздің дәуірімізге дейінгі үш-екі мың жылдықта Хуанхэ және Янцзы өзендерінің алқаптарында пілдер, маймылдар, жолбарыстар, леопардтар, аюлар болды. Адамның Қытай аумағын біртіндеп игеруі, егістікті құру үшін ормандарды шабу және өртеу Хуанхэ және Янцзы бассейндерінің ағашсыздандырылуына алып келді. Бұл өзен ағысының бұзушы әрекетін күшейтті. Көптеген өзендер, бірінші кезекте Хуанхэ Қытай диқаншыларының қайғысы болды. Су тасқыны кезінде су кең көлемді жерлерді басып, егістіктерді жойды. Қазіргі Қытай-тау массивтерінің елі. Халықтың көпшілігі Янцзы мен Хуанхэ-ұлы өзендерінің алқаптарында шоғырланған. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарында ежелгі дәуірдегі бай флора мен фаунаның өкілдері әлі де сақталуда.