Бақылау сұрактары:
Рефлекс деген не
Шартты рефлекске аныұтама берініз
Шарттсыз рефлекс дегеніміз не
№18 Дәріс
Жоспары:
1.Сопақша ми оның рефлекторлық және автоматикалық орталықтары.
2.Қан тамырын қозғайтын орталықтың тонусы.
3.Тыныс алу орталығы , демалу және дем шығаруға қатысты нейрондар.
4.Мишық, оның құрылыс ерекшкліктері.
5.Омыртқалы жануарлардың әр өкілдерінің мишығы. Мишықты алып тастау зардабы.
6.Аралық ми , Таламус, Гипоталамус. Базальдық түйіндер, олардың қызметі .
7.Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюция кезеңдері.
Лекция мақсаты: Студенттерге сопақша ми оның рефлекторлық , автоматикалық орталықтары, мишық оның құрылыс ерекшелігі мен , аралық ми , үлкен ми сыңарлары жайлы толық мағлұмат беру.
Лекция мазмұны:
5.1.Сопақша ми – ми сабағының, маңызды құрылымдарының бірі: Ми сабағы деген сопақша ми , көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарды біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым , немесе ретикулярлы формация орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады сондықтан, онда жұлынға тән қарапайым сигменттік сипат сақталады. Сопақша миға жұлын тәрізді рефлекстық және өткізгіштік қызмет тән.
Сопақша мида нейрондар шоғырланып ерекше құрылым – ядролар п.б. Ядролар әр рефлекстық қызметтің орталығы болып табылады. Сопақша мида тыныс алу , жүрек қызметін реттеу орталықтағы, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейберс ядросы және басқа тіршіліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшықет тонусын реттеуде Дейберс торшалары маңызды роль атқарады. Сопақша мимен ортаңғы ми арасын тіліп , Дейберс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш реттердің тонусы күрт жоғарлайды да жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшініп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша ми тонусының рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл-әрекетін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғарғы бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықшам етеді. Жұлынның барлық өткізгіштік жолдары сопақша ми арқылы өтеді.
5.2. Тамыр қозғағыш ортлық сопаша мида орналасаы. Оны 1871жылы орыс физиологы В.Ф.Овсянников ашқан. Орталық прессорлық және депрессорлық бөлімдерден тұрады. Прессорлық бөлім қозса, тамырлар арнасы тарылып, қан қысымы жоғарылайды, ал депрессорлық бөлім қозса – керісінше ,тамырлар арнасы кеңейіп, қан қысымы төмендейді.
5.3. Мида тыныс орталығының болатынын жайлы алғашқы болжамды 1812жылы Легалуа айтқан. Осыдан 30жыл өткен соң 1842жылы Флуранс сопақша миға ине қадау арқылы тәжірибе үстінде тынысты тоқтатып, малды өлтіруге болатынын дәлелдеген. Сопақша мидың осы нүктесі «өмір түйіні» деген атқа ие болған. 1885жылы ерж физиологы Н.А.Мисковский тыныс орталығының сопақша мидың торлы құрылымының 4-ші қарыншасының түбінде орналасатынын анықтаы. Бұл орталық дем алу және дем шығаруды реттейтін бөлімдерден тұрады. Олардың әрекетін ми көмірінде орналасқан Лумсден ашқан пневмотаксистік орталық дейді. Бұл орталық дем алған кезде дем шығару орталығын, ал дем шығарылған кезде дем алу орталығын қыздырып, дем алу және дем шығару процестерінің ырғақты түрде алмасып отыруына мүмкіндік береді.
5.4. Артқы миға көмір мен мишық жатады. Мишық – көмір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден – жарты шарлардан , және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.
Мишық рецоптарлар мен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады. Мишық дене қимылдарының үйлесімін, дене кейпін және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды роль атқарады. Оның әсерімен бұлшықет тонусы өзгеріп, қимыл-әрекет кезінде көк ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебедейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады, қимыл үйлесімділігі , атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшінің арасындағы сәйкестік бұзылады, теңселмелі қимылдар пайда болады, бұлшық еттерді жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады , организм тез қажиды , әлжуаздық байқалады.
5.6. Аралық ми – көру томпен- таламус, томпен асты аймақ гипоталамус , және томпеннің үстіңгі қосалқы эпиталамус атты құрылымдардан тұрады.
Көру томпені таламус – мидың ең көне бөлігі. Онда сұр заттан түзілген көптеген ядролар шоғырланады. Бұл ядролар алдыңғы, медиальдық және латериальдық болып бөлінеді.
Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо және термо-ауырсыну , дәм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады. Қызметі жағынан таламус ядролары арнаулы және жалылама болып бөлінеді. Арнаулы ядролардан , тараған импульстерді ми қыртысының 3-ші немесе 4-ші қабатының нақтылы сезімтал (сенсорлық)және жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады, олар белгілі түйсік туғызады. Ал жалпылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай жайылады, ми белсенілігін жандандырады .
Гипоталамус- көлемі жағынан кішкентай ғана құрылым, бірақ онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері неравентриарлық супраоптикалық ядролар шоғырланады.Олардың негізгілері суыра оптикалық ядролар т.б. Гипаталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасқан. Супрооптикалық ядроны тітіркендіргенде мол иеді, ал каравентрикулярлық ядроны тітіркендіргенде исінеді. Гипаталамус денені реттеуге қатысады.Сұр томпешікті зақымдағаннан кейін, жануарлар организмдегі жылу түзу және жылу болу процестерді бұзылып,дене тұрақтылығы сақталмайды.Гипоталамустың-түрлі эмоциялары,организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастырудағы маңызды роль атқарады. Гипоталамустың вентромедиальдық ядроларында топтау,бүйір ядроларында-ашығу, ал супрооптикалық ядролардан дарсолатеральдың бағытта-сусау орталықтары орналасады.Гипоталамустың преотитикалық аймағында организмнің ішкі ортасындағы осмостың қысым деңгейін реттеуге қатысатын ерекше осморецепторлық нейрондар орналасады.Бұл нейрондар ішінде осмостың тұрақты деңгейде болатын торша аралық сұйыққа толған вакуоль болды.
5.7.Үлкен ми сыңарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасынан құрайтын сұр затпен қамталады.Оны үлкен ми қыртысы деп атайды.Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстарынан нейроглия торшаларынан құралған.Ми қыртысын құрайтын нейрондар бірнеше топқа бөлінеді.Олар:ниромидалық,майда жұлдызша торшалар,жүйкелі торшалар.Анатомиялық тұрғыдан:ми қыртысы 4 бөлікке бөлінеді: маңдай,төбе,шүйде және самай бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді.Ми қыртысының арнаулы афференттік жандар тірелетін жерлерін сезімтал аймақ дейді.Оларға саматосенсарлық көру,есту,дәм сезу аймақтары жатады. Жалғастырғыш аймақтар үлкен ми шарты шарларының маңдай,самай,төбе,шүйде бөліктерінде орналасады.Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан,не басқа жалғастыру аймақтардан қабылдап отырады.Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады.Олар алдыңғы орталық иірімде және ми қыртысының медиальдық беткейінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |