1-дәріс. «Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым



бет2/16
Дата25.05.2023
өлшемі383,54 Kb.
#97322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Санды талдау үлгісі:
}Кез-келген үш таңбалы санға сипаттама бередi. Мысалы: 321 саны.
Бұл-үш таңбалы сан, 3,2,1 цифрларының көмегiмен жазылады.
320 мен 322 сандарының ортасында келедi немесе көршiлерi 320 және 322 сандары, 320 –дан кейiн, 322-ге дейiн келедi.
321 – 3 жүздiк, 2 ондық, 1 бiрлiктен құралған.
321=300+20+1 (разрядтық қосылғыштарға жiктеу)
Үлес бүтінді бірнеше тең бөліктерге бөліп, бір бөлігін алу.
Бөлшек – бүтіннің бір немесе бірнеше тең бөлігі.
}Алымы бөлімінен артық не оған тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп, ал алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
}Егер бір бөлшектің алымын да, бөлімін де бір натурал санға көбейтсе немесе бөлсе, онда оған тең бөлшек шығады.
}Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы артық болса, сол бөлшек артық, ал қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кем болады. 11/12 > 7/12, 9/12>(7 )/12, 5/12<(11 )/12
}Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кем болса, сол бөлшек артық, және керісінше қайсысының бөлімі артық болса, сол бөлшек кем болады: 2/12<(2 )/4, 2/12< 2/3 , 2/4>(2 )/6, 2/3>(2 )/6 
}Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру:
11/6 = (1 ∙ 6 +1)/6 = 7/6 ; 2 3/5=( 2 ∙ 5 +3)/5=( 13)/5.
}Кез келген шама немесе санның жүзден бір үлесін процент (пайыз) деп атайды. Математикада «пайыз» арнайы таңбамен белгіленеді: %.
}1/100= 1%. Шаманың бір процентін (пайызын) табу үшін оны 100-ге бөлу қажет.
Санды дөңгелектеудің алгоритмі:
* Дөңгелектеу жүргізілетін разрядтың цифрын таңда;
* Егер таңдалған цифрдың оң жағында - 0, 1, 2, 3 не 4 цифрлары тұрса, онда разряд цифрын өзгертпе;
* Егер таңдалған цифрдың оң жағында - 5, 6, 7, 8 не 9 цифрлары тұрса, онда разряд цифрын бір бірлікке арттыр;
* Таңдалған разряд цифрының оң жағындағы цифрлардың барлығын нөлмен алмастыр.
* Дөңгелектенген нәтижені жаз және оқы.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Нумерациялық ұғымдарды концентрлер бойынша меңгеруге бағытталған тапсырмалар құрастыру, оларды ауызша есептеуге негiздеу.
Математикалық диктант пен өзiндiк бақылау жұмыстарына (15 мин) тапсырмаларын дайындап, оларды өткiзу мен тексеру әдiстемесiн құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет