1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


л әрпі , екіншісінде қосарлы  лл



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата22.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#109772
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
л
әрпі , екіншісінде қосарлы 
лл
әрпі қолданылу арқылы ажыратылады. 
Орыс тілінде “науқан” деген мағынаны білдіретін 
кампания
деген сөзден “бірлестік, 
серіктестік” 
компания
деген сөз жазуда иероглиф принципі бойынша ажыратылып 
жазылады. Қазақ тілінде “ жай, күй, жағдай” деген мағынаны білдіретін 
хал
сөзі мен 
“денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі” деген мағынаны білдіретін 
қал
сөзінің осылайша 
жазылуы иероглиф принципі мысал бола алады. Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен 
ажыратушы қызметі ескеріліп, ол кейде дифференциальды принцип деп те аталады. 
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің 
барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара 
алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу 
жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап 
айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке 
алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. 
Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні 
жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете 
бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық 
құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, 
транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі 


әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен 
белгіленеді. 
Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация 
жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын 
алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе 
географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет