Этимологиялық принцип пен дəстүрлік-тарихи принцип . Этимологиялық
принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс
тілінде “қайық” деген мағынаны білдіретін сөз
лотка түрінде емес,
лодка түрінде
жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі
лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында
кездесетін
лод екені ескеріледі.Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен
дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде
пчел, пошел, пшенный деген сөздердің
құрамындағы
е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанымен, бұлардың
ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген
түрде жазылады.
Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас
принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу
дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды
көздейді. Мысалы,
помощник деген сөз шіркеулік славяндық
помощь дегеннен емес, орыс
тілінің
помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғарыда
көрсетілген түрде жазылады.
Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі . М орфологиялық принцип
бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген
тілдерде сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда,
екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы
өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип
дыбыстлудағы бұл рекшеліктерді ескермей , сөз құрамындағы сыңарлардың жеке
тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы,
басшы (башшы емес),
ұшсын (ұшшын емес),
сəнқой (сәңқой емес),
көрінбеді (көрімбеді емес),
қазанғап (қазаңғап
емес),
əркім (әргім емес).
Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді , яғни
омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде
“музыкалы би кеші” деген мағынаны білдіретін
бал деген сөз бен “оқушылардың білім
дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға” деген мағынаны білдіретін
балл сөзі жазуда
біреуінде жалғыз