еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде
Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының
бірігу процесі басталды.
Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді
тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген,
өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-
болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік
табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара
туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек - YII-IX
ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас
ескерткіштері тілі түркі жазба тілінің бізге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі
барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-
бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға
мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар
тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі
мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен
де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп
қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркі
халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтік сипатын танытуға қызмет
ететін жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұртшылығы арасындағы рухани
үйлесімділік пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркі жазба мұраларын
зерттеудің тек түркілік тілтану ғылымында ғана емес жалпы түркі әлемі аясындағы өзекті
мәселе екенін көрсетеді.
Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған мемлекеттік
деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана емес, географиялық-аумақтық
негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік
тілдік ерекшеліктері бар бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне
тайпалардың қазіргі түркі халықтарының этностық
құрамына шашырай таралғанын
ескерсек, көне түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ
құндылық екені анық. Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен
ғанаемес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзіндік диалектǐлǐк
ерекшелǐктерǐ бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің қолданыста болғанының куәсі.
Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны
жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие
болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің
көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы
қандай
деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің
фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл
жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл – табиғи лингвистикалық
заңдылық. Сондықтан ҮП-ІХ ғасырлардағы көне түркі елінің ортақ әдеби тіліне арқау
болған тайпа тілін немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі
тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі
қағанаттарының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі
тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде қарастырса
нәтижелі болмақ. Сондай түркілік макротоптардың бірі – көне түркі бірлестіктерінің
құрамында болған көне қыпшақ тайпаларымен тікелей генетикалық-тарихи жалғастықта
қалыптасқан, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ тобын құрайтын – қазақ, қарақалпақ, ноғай,
татар,
қырым татарлары, башқұрт, құмық, қарайым, қарашай-балқар халықтарының
тілдері. Орхон, Енисей, Талас ескерткǐштерǐ тǐлǐ мен қазiргi қыпшақ тǐлдерǐ
салыстырмалы-тарихи негǐзде арнайы зерттеу нысаны ретǐнде алынбауы көне мұралар
тілін оғыздық, ұйғыр-оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта тануды қалыптастырып, батыс
қыпшақ тǐлдерǐне қатысы күңгірт қалып отыр, бұл жұмыстың өзектiлiгiнiң тағы бǐр қырын
анықтайды.
Рәміз - ерекше тарихи құбылыс ретінде байырғы түркі халықтарының рухани және
материалдық мәдениетінің ақиқат болмысын айқындайды. Жазба тілі мәдениеттің
құбылысы және ол рухани күш. Сондықтан рәмізбен семиотикалық таңбалар арқылы адам
кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады,
өрнектейді. Мәдениеттанушы Л. Фоллерс «ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің ең елеулі
мәселелері көбіне-көп экономикаға, саясатқа және қорғанысқа қатысты емес,
материалданбаған, көзге көрінбейтін рәміздерге қатысты болып келеді», - деп ой түйеді.
Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетанымның рәміздік астарларын айқындау
өте маңызды. Байырғы түркілік рәміздерді талдау
халқымыздың рухани дамуының
дүниетанымдық мәселелерін козғау мен болашақ дамуының жолдарын айқындауға түрткі
болмақ.
Шығу тегіміздің тамыры, асыл қасиетіміз, бай тарихымыз ата-бабамыз ер
түріктермен байланысты екенін көрсетеді. Олай болса, көне түркі жазуының сипатын
айшықтамай, түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені анық, ал бұл
арнадағы зерттеулер соңғы жылдары ғана қолға алынып келеді. Сондықтан да байырғы
түркілердің ұрпағы, жалғасы, яғни біздер үшін, бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпақ үшін
тасқа қашалып жазылған сырға толы рәміздік жазулардың деректік мағынасы мен негізгі
идеясын ашу зерттеудің көкейтестілігі болмақ.
Түркілік дүниетаным жазбаларын зерттеуге негіз болған В. Томсен,
Ядринцев, В.В.
Радловтардың жасаған тұңғыш жаңалықтары, И.А. Батманов, A.M. Щербак, В.М.Насилов,
Д.Д. Васильев, С.Е. Малов, Л. Гумилев, Л.П. Потапов, И.В. Стеблева, С.М. Ареал, Н.А.
Аристов, С. Кляшторный, Н.А. Кононов, Бартольд В.В. О. Маенхен-Хелфен, Ж.- П.Ру, Т.
Текин, Гең Ше Мин және басқа да көптеген түркітанушылардың еңбектерінің арқасында
түркі жазба ескерткіштері туралы кешенді ғылым саласы қалыптасты.
Осы орайда, Ә. Марғұлан [16], Б. Кенжебаев, К. Аманжолов [17], А. Махмутов [18],
Ғ. Айдаров [19], М. Томанов, А.С, Ә. Құрышжанұлы [20], Ә. Құрышжанұлы, Қ. Өмірәлиев
[21], М. Жолдасбеков [22], Қ. Сартқожаұлы [23] Аманжолов А.С. [24], .және
т.б.ғалымдарымыздың байырғы түркі жазуын зерттеу саласына қосқан қомақты, мол
үлестерін ерекше атап айтуға тиіспіз.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін зерттеудің
жаңа белесі басталды. «Орхон ескерткіштерінің толық атласының» (М. Жолдасбеков, Қ.
Сартқожаұлы) жарық көруі осы бағыттағы зерттеулерді жаңа арнаға бастайтын мәдени-
ғылыми өміріміздегі үлкен жаңалық болды. Сонымен бірге, Орхон- Енисей жазбаларынын
филологиялық, лингвистикалық қырларын қарастырған А.С. Аманжоловтың «Ежелгі
түркі жазуының тарихы мен теориясы», М. Жолдасбековтың «Орхон ескерткіштері», О.
Сүлейменовтің «АЗиЯ», «Тарихқа дейінгі түркілер: ежелгі түркі тілі мен жазуының пайда
болуы туралы», «Жазу тілі», Қ. Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі»,
Есенқұлов Е. [25], Келімбетов Н. [26] еңбектерінде Орхон жазбаларының фольклорға
қатысы жөнінде маңызды ойлар айтылады.
Қорыта келе айпағымыз, жалпы түркілердің тарихына, мәдениетіне қатысты жазба
деректер мен археологиялық ескерткіштер баршылық. Жазба деректердің негізі тобы
Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай,
араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі
жазба деректер болып
табылады. Қытай деректерін Н.Я. Бичурин [27], т.б., еңбектері бүгінге дейін маңызын
жойған жоқ. Көне түркі халықтарының көне жазба ескерткіштерінің зерттелуі бүгінгі
кезеңде жалғасын табуда.
Достарыңызбен бөлісу: