1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

Ю- [йұу], [йүу], я-[йа], [йә] дыбыс тіркестерін берген таңба айуан, айуанат, хайуан, 
хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз сөздерінде неге ауытқиды? Оның себебі 
қазақ фонетикасы я, ю, у, и, е әріптерін дауысты дыбысқа жатқызуынан, бір сөз шенінде 
үш дауысты қатар келмейді деген тұжырымынан шыққан: аюан, аюанат, мыюа, дыюана, 
қыюаз деп жазу тасымалдауға да келмейді делінген. Осыған ұқсас я, ю әріптерінің 
алдынан келген <ы>, <і> фонемалары и әрпімен біреледі деген (қию [қыййұу]) ереже бар. 
Бұл – әріп ЖТ-да ортақ қабылданған шартты таңба, ю, я, у, и таңбалары дыбыс емес, 
дыбыс тіркесінің “суреті”, жазу мен АТ екі басқа таңбалық жүйе екенін парықтамаудан 
шығып отыр. [йұу], [йүу], [йа], [йә], [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің
ю, я, у, и 
таңбаларымен берілетініне жоғарыдағыдай ауытқу-ескертудің қажеті жоқ деп білеміз. 
Сонда аюанат, хаюан, кеюана, қыюа, қыюаз, кію, тыю, сыю, тыя, сыя деген 
орфограммалар уәжді болады. Үшінші, 1983ж. өзгерту х әрпінің жұмсалу шегін жөнсіз 
тарылтты деп ойлаймыз. Негізінен, араб-парсы тілінен енген сөздердің біразы дәстүр 
бойынша х әрпімен таңбаланады. Шындығында, хадис, хазірет, хакім, хасіл, рахмет, 
Хамит, Ахмет, дихан сөздерінде х әрпі бейүндес буындардың жігін “жасырып”, 
дауыстының жіңішке екеніне маркер болып тұрады: [х'адис], [х'азірет], [р'ахімет], 
[дійх'ан]. Х әрпінің “жіңішкерткіш, жұмсартқыш” сипаты кейде <к> фонемасымен қатар 
айтыла алмайтындықтан таңбалануды қажет етеді, мысалы: хикая, хикаят, хикаяшыл, 
хикмет. Сонда 1983ж. емле-ережесінде диқан, рақмет болып өзгерілген орфограммалар 
уәжсіз болып шығады. Жалпы дауыстыаралық позиция мен үнділермен қатар келген 
позициядағы х-ны қ-мен алмастыру негізсіз. 1983ж. өзгеріс дарқан, дастарқан, рақат, 
рақаттану деп жазуды ұсынды. Бірақ қазіргі (2005ж.) жазу тәжірибесінде
х-мен таңбалау 
басым. Оның есесіне 1988ж. сөздік хұқық, хұқықты (право) деп, 2000ж. сөздік хұқық, 
құқық деп те берген емлені <х> мен <қ> қатар айтыла алмайтындықтан құқық деп бергені 


жөн еді дейміз. Төртінші, бірге, бөлек жазылатын сөздердің қиындығын болдырмау үшін 
емле ережелерінің алғашқы тәжірибесіндегідей, 1929ж. емле конференциясына 
қатысушылардың терминімен айтқанда, “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым 
болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздерді біріктіріп жазу керек 
еді. Бұндай бағыт 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген 
емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев 
құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздер орыс тіліндегі аудармасы бөлек 
жазылатындықтан (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс 
орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ 
тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы, қазақ тіліндегі 
сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс түсінілмегендіктен бөлек таңбаланатын сөздер 
қатары 
көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет