Іс әрекеттердің тізбегін орнатуға арналған тапсырмаларды әртүрлі әрекеттердің алгоритмін тексеру барысында қолдауға болады. Физика үшін бұл ақыл әрекетінің тізбегі болуы мүмкін.
Тапсырма. Белгілердің ішіне цифрларды қоя отырып, дұрыс тізбекті табыңыз. Динамика есептерін шығаруда:
Санақ жүйесін таңдау
Ньютонның екінші заңын жазу
Ньютонның екінші заңын скалярлық түрде жазу
Теңдеулер жүйесін шешу
Денеге әрекет ететін күштерді графиктік түрде кескіндеу
Жауапқа талдау жасау
Теңдеулер жүйесін алу
Сұлбалық суретін жасау
Тестқа қосылған барлық тапсырмалар бір біріне тәуелсіз болуы қажет, яғни бір тапсырмаға жауап беру ықтималдылығы басқасынан тәуелді болмауы тиіс. Осы талапты қанағаттандырмайтын тапсырмалар тобы да бар. Оларды псевдотекстік деп аталады. Алайда олар оқыту функциясын жоймайды. Әдетте оларды материалды алғаш рет бекіту кезінде қолдануға болады. Осындай тапсырмаларға, мысалға тізбектік және тақырыптық тапсырмалар жатады.
1. Тізбектік тапсырмалар - келес тапсырманың дұрыс жауабы алдыңғыға тәуелді болатын тапсырмалар.
Мысал: Егер бөлшекте: 1) электрондар саны протондар санына тең болса,
2) электрондар саны протондар санынан аз болса,
3) электрондар саны протондар санынан көп болса, онда бөлшек ... болып табылады:
а) теріс ион,
б) оң ион,
в) бейтарап.
Тақырыптық тапсырмалар - оқытылған тақырыптың бірі бойынша білімін тексеруге арналған кез келген түрдегі тапсырмалар жиынтығы.
Мысал. Берілген температурада зат молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы:
а) өзгермейді; б) өзгереді. Булану кезінде сұйықтан ұшып шығады:
а) ең баяу молекулалар; б) ең тез молекулалар; в) жылдамдығына тәуелсіз кез келген молекулалар. Сұйықты суытқан кезде оның булану қарқындылығы:
а) өзгермейді; б) артады; в) төмендейді Тапсырманың жауабын құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар.