1 дәріс. Кіріспе. Есеп туралы жалпыланған ұғым Дәріс жоспары


Бір дұрыс жауап таңдалатын жабық тест түрі



бет6/12
Дата12.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#56678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бір дұрыс жауап таңдалатын жабық тест түрі. Бұл жағдайда дұрыс таңдалған жауап 1 балл деп бағаланады.

Тапсырма. Дұрыс жауаптың дөңгелектеп белгілеңіз.
Спирттік термометрдің жұмыс істеуінің негізінде қандай физикалық құбылыс жатыр?
1.Қыздырған кезде сұйықтардың ұлғаюы.

  1. Қыздырған кезде сұйықтардың булануы.

  2. Қыздырған кездегі сәулелену.

  3. Қыздырған кездегі сұйықтардағы ковекция.

Жауап нұсқасы көп болған сайын, ойлап табу ықтималдылығы азаяды (мысалға, егер жауап саны 4 болса, онда ойлап табу ықтималдылығы 25%).
Бірнеше дұрыс жауап таңдалатын жабық тест түрі. Тапсырма. Дұрыс жауаптардың барлығын дөңгелектеп белгілеңіз.
Физикалық шамаларға жатады:1). Күш; 2). Метр; 3). Қысым; 4). Диффузия; 5). Масса; 6). Көлем.
Бұл жағдайда әрбір дұрыс таңдалған жауапты 1 балл деп бағалауға болады. Мысалға, келтірілген тапсырмада толық дұрыс орындалған жағдайда 4 балл беруге болады.

  1. Ашық түрі. Осындай тапсырмаларды құрастыру кезінде барлық тұжырымдамаларды мүмкіндігінше қысқа етіп, яғни сынақтан өтуші мүмкіндігінше аз сөз жазатындай етіп жасау қажет және де қосылатын сөзді тапсырманың соңына қарай қойған жөн.

Тапсырма: Өзара әсерлесетін екі дене арасындағы күштер __________ жағынан тең, ал __________ жағына қарама-қарсы.

  1. Көптеген элементтердің бірінің басқасына сәйкестігін орнату.

Тапсырма: Сәйкестікті орнат:

формула

Есептеуге арналған

1. q/U
2. q/t
3. A/q
4. F/q
5. qU

A) Ток көзінің ЭҚК.-н
B) Электр сыймдылығын.
C) Ток күшін.
D) Электр өрісінің кернеулігін.
E) Кернеуді.
G) Электр өрісі күшінің жұмысын
K) Потенциалды.
M) Конденсатордың энергиясын.

Жауаптары: 1B, 2C, 3K, 4D, 5G
Оң жақ бағанадағы элементтер саны сол жақтағыдан көп болуы тиіс. Бірінші бағанадағы элементтерді мүмкіндігінше біртекті етіп таңдай қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет