1 дәріс. Кіріспе. Есеп туралы жалпыланған ұғым Дәріс жоспары



бет9/12
Дата12.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#56678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Әдистеме 1-5 апта лекциясв

Импликация қағидасы. Бұл қағида бойынша тапсырма мазмұны “ Егер ....., онда ...» формасымен құрастырылынады. Мысалы:

а) егер әр қосылғыш 5-ке бөлінсе онда әрқосынды

  1. 5-ке бөлінеді 2. 5-ке бөлінбейді

ә) Егер кез-келген натурал санға бірді қосса , онда

  1. келесі сан шығады 2. кейінгі сан шығады

б) Егер көпбұрыштың (үш, төрт, бес, алты, жеті) бұрышы болса , онда ол

  1. жетібұрыш 2. бесбұрыш

  2. алтыбұрыш 4. Үшбұрыш 5. төртбұрыш деп аталады.

Тестік тапсырмалардың қолданылуы.
Жалпы алғанда, тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғаңда «сынақтан- өткізу», «тексеру» деген мағынаны береді.
Педагог ғалым В. П. Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе тестке мынадай анықтама берген: «Белгілі дәрежедегі іс әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады». Сонымен қатар В. П. Беспалько тестік тапсырмаларды білімге қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлерге бөліп, классификациясын жасаған.
Ол классификация бойынша:

  • - деңгейдегі тесттер оқушылардын қосымша түсініктеме көмегімен есеп шығару біліктілігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелігіне байланысты ажыратуға берілетін танымдық тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды тексеру қорытындысында «иа» немесе «жоқ» жауаптары қойылады.

  • - деңгейдегі тестер оқушылардың өз бетінше, бұрынғы алған білімдерін алгоритм түрінде колдана отырып, есеп шығару ебдейлігін анықтауға арналған тестік тапсырмалар. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы калдырылып кеткен құрамды бөліктерін орнына қоюға арналған, конструктивті тесттер. Бұған есеп жауабын өз
    бетінше ойлап шығарылатын есептер жатады.

  • - деңгейдегі тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бакылауға арналған эвристикалық типтегі тапсырмалар.

  • - деңгейдегі тесттер оқушылардың шығармашылық біліктілігінің, олардың жаңа ақпаратты қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкіндігін анықтауға арналған тапсырмалар. Бұған жататындар- проблемалық тесттер.

В. П. Беспалько тесттердің классификациясымен қатар тесттерге қойылатын талаптарды да көрсеткен. Бұлар тестердің негізділігі, біркелкілігі, нактылығы. Тестік тапсырмалар негізінен тексеру, бақылау қызметін атқарады. Сонымен қатар оқыту, үйрету, алған білімін бекіту, жүйелеу қызметін де атқарады деуге болады.
Берілген сұрақтар, тапсырмалар өте анық түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптары да қысқаша, нақты, анық және дәл болуы керек.
Тестік тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытыңдыға келуге болады: тестік тапсырмалар оқушылардың қай материалды игеріп, қай материалды толық игермей қалғанын, қандай қосымша түсіндірмелер қажет екенін, жаңа материалды қаңдай тәсілмен түсіндіру қажет екеніне дейін анықтауға мүмкіңдік береді.
Тестік тапсырмалар оқушылардың зейінін, ынтасын, зеректігін, тапқырлығын, жігерін дамытып, жұмысқа деген, физика пәнінен есеп шығаруға деген қызығушылығын арттырады.
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмалар оқушылардың өмірге қажетті алуан түрлі есептерді шешуіне, уақытын үнемдей білуіне, есептерді өте қысқа жолмен ұтымды шығара білуіне, ойын тиянақтауға көп көмегін тигізеді. Сондықтан да оқыту процесінде оқушыларға тестік тапсырмаларды жиі ұсынған қолайлы.
Тесті құрастыруды мынадай кезендерге бөлуге болады:

  • тестпен сынауды бағдарламалау;

  • тесттердің жоспары;

  • тесттердің мазмұнын жасау.

Тестпен сынаудың бағдарламасы оның максатына байланысты. Егер ол кішігірім тақырып бойынша білімдерді, біліктерді, дағдыларды тексеру болса, онда бағдарлама осы тақырып бойынша тексеретін тесттерден тұрады, ал такырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80% тен кем болмауы керек. Тесті конструкциялаудың келесі кезеңі — жоспар құру.
Тесттердің қолдану сондай-ақ дарынды балаларды іріктеп алуға және оларға өздерінің қабілеттерін одан әрі дамытуға көмектесуге мүмкіндік береді.
Тестінің берілуінің жеті түрі бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет