1 дәріс. Кіріспе. Есеп туралы жалпыланған ұғым Дәріс жоспары



бет8/12
Дата12.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#56678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Әдистеме 1-5 апта лекциясв

а) қайшылық қағидасы
Тапсырма жауабын бұл қағида бойынша құрастыру барысында бірінші жауап екінші жауап арқылы теріске шығарылады . Сондықтан көп жағдайда логикалық схемасы “ А және А еместүрінде болып келеді. Мысалы:
а) 5+3 жазуы

  • өрнек

  • өрнек емес

ә) барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш:
1) шаршы емес
2) шаршы
ә) қарама-қарсылық қағидасы
Тапсырма жауабы бұл қағида бойынша құрылғанда міндетті түрде бірінші жауапты екінші жауап жоққа шығаратындай болу керек. Мысалы : а) 3, 7, 11, 15, 19 ... сандарының қатары :

  • өседі

  • кемиді

б) Біртектілік қағидасы
Демек, тапсырма жауаптары жан-жақты емес, біржақты бағалайтындай яғни ұғым белгілі бір көзқарас, белгілі бір бағыт бойынша ғана қарастырылады.
Тапсырма мазмұнының қағидалары:
в) Фасеттік қағидасы. Фасет дегеніміз – бір ғана тапсырманың әр түрлі нұсқада жазылу формасы. Осы қағиданың негізінде бір ғана тапсырма қиындығы әртүрлі деңгейде құрылып оқушылардың білім деңгейіне қарай үлестірілуі мүмкін. Мысалы :
а) бұрыштардың саны (2, 3, 4, 5) болатын көпбұрыш .... деп аталады

  1. үшбұрыш 2. Төртбұрыш 3. Бесбұрыш 4. Алтыбұрыш 5. бұрыш.

ә) (5, 7, 9, 16, 80) саны қалдықсыз

  1. 2-ге 2. 3-ке 3. 4-ке 4. 10-ға 5. 7-ге бөлінеді.

Мұндай тапсырманы мұғалім бірнеше оқушыға әр санды әркімге ұсына отырып, бірнеше оқушыға орындатуына болады. Сонда нақты оқушы мынандай тапсырма алуы мүмкін.
а) Бұрыштарының саны төртеу болатын көпбұрыш ... деп аталады

  1. үшбұрыш 2. төртбұрыш 3. Бесбұрыш 4. алтыбұрыш 5. бұрыш

ә) 9 саны қалдықсыз

  1. 2-ге 2. 3-ке 3. 4-ке 4. 10-ға 5. 7-ге бөлінеді.

Кейбір жағдайда тапсырмада бір емес, екі, үш т.б . фасет болуы мүмкін. Мысалы : (6, 7, 8, 9, 10) сандары (2, 3, 4) сандарына қалдықсыз

  1. бөлінеді 2. бөлінбейді



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет