№1 дәріс. Кіріспе. Математиканың бұлақ-бастаулары (IX ғ. дейін). Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері. Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы


№4 дәріс. «Элементар математика» дәуірі (IX-XVI ғ.ғ.)



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата22.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#120538
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
 
№4 дәріс. «Элементар математика» дәуірі (IX-XVI ғ.ғ.) 

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 
1. Алгебраның дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы 
2. Квадрат теңдеулер 
3. Жоғары дәрежелі теңдеулер
4. Алгебралық символиканың алғашқы нышандары 
5. Сан қатарларын қосындылау 
6. Сандар теориясы 
7. Математиканың философиялық мәселелері 
Дәріс мазмұны 
1.
IX ғасырға дейінгі кезеңде ежелгі мәдениет ошақтарында практикалық есептерді 
теңдеу құру арқылы шешудің өзіндік тәжірибелері қалыптасты. Кейін келе теңдеулерді 
шешумен байланысты математикалық білімдердің молая түсуі оларды жүйеге келтіруді 
қажет ете бастады. Бұл мәселені шешуді Мұхаммед әл-Хорезми жүзеге асырып, әлемдік 
математика ғылымының асыл маржаны болып табылатын «Алжебр мен әлмүкабала есебі 
жөніндегі қысқаша кітап» атты трактатын жазды. Мұнда ол сызықтық және квадрат 


теңдеулерді шешу туралы білімдерді саралай отырып, оларды алты түрге ажыратып 
көрсетті және олардың әрқайсысының шешу жолдарын тағайындады. Осылайша, әлемдік 
математика тарихында тұңғыш рет алгебраның жүйелі курсын жасады. Мұнда әл-Хорезми 
белгісізді «джизр» немесе «шай’» («нәрсе» деген мағынада), оның квадратын «мал» 
(«мүлік» деген мағынада), ал бос мүшені «дирхем» (күміс теңгенің атауы) деп атаған. әл-
Хорезмидің
 
алгебралық трактаты мұсылман елдерінде, сондай-ақ латын аудармасы арқылы 
Еуропада кеңінен таралып, аса маңызды кітаптардың біріне айналды және математиканың 
даму тарихында үлкен роль атқарды. Кітаптың атауындағы «әл-джебр» сөзі қазіргі 
«алгебра» терминінің қалыптасуына негіз болды. 
Бұл еңбек латын тіліне, кейінірек басқа да еуропа тілдеріне аударылды және олардың 
негізінде әр түрлі алгебра оқулықтары жазылды. әл-Хорезмидің трактаты Қайта өрлеу 
дәуірі ғылымының қалыптасуында маңызды роль атқарды және Шығыс пен Батыс 
елдерінде ортағасырлық ғылыми ой-пікірлердің дамуына және жаңа сипаттағы 
математикалық білім беру ісінің жандануына үлкен әсерін тигізді.
Алгебра Батыс Еуропада көп уақыт бойына кең жолға шығып, дербес ғылым саласы 
ретінде дами алмады. Еуропалықтар «Хорезми былай дейді» деген түсініктермен ғана 
шектеліп, мұсылман математиктерінің алгебралық трактаттарына түсініктемелер беруден 
әрі аса алмады. Ал, мұсылман елдерінде жағдай мүлде басқаша болды, алгебраны ғылым 
саласы ретінде баяндау, оның арифметикамен және геометриямен арасындағы ара жігін 
анықтау бағытындағы жұмыстар ерте қолға алынды. О. Хайям XI ғасырда-ақ алгебраны 
арифметика мен геометриядан бөліп алып, оның мақсаты мен пәнін анықтап берді. Оның 
«Алгебра мен әлмүкабала есептерінің дәлелдемелері туралы» атты трактаты тұтасымен 
алғашқы үш дәрежелі теңдеулерге және оларға келтіретін есептерді шешуге арналды. Ол 
сондай-ақ квадрат теңдеулерді радикалдар арқылы шешу мен оның түбірлерін 
геометриялық әдіспен табудың арасындағы байланысты анықтай отырып, куб теңдеулерді 
радикалдар арқылы шешу жолының әлі де болса табылмағанын ерекше атап көрсетеді және 
болашақ ұрпаққа оны табуды аманат етіп қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет