1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы. Қарастырылатын сұрақтар



бет19/19
Дата23.01.2023
өлшемі108,96 Kb.
#62498
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
4. Дәрістер

М.Өтелбаевтың ғылыми жетістіктері:
-дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістерін негіздеді (ол - қарасты­рылмақ есептерді локализациялау тура­лы жалпы идеяны біртіндеп және тап­қыр­лықпен іске асырудың нәтижесі. Бұл жерде ол бүгінде мамандарға “q*- Өтел­баев функциясы” деген атпен белгілі коэффициенттерді орташаландыру конструкциясын ойлап тапты);
-Спектрлік анализдегі мынадай әлемдік мәселенің шешімін тапты: клас­сикалық Штурм-Лиувилль операторы меншікті мәндерінің үлестірімі үшін әмбебап асимптотикалық формула табылмайды. Ол Дирак операторы үшін эквивалент болмаған жағдайда алғаш рет екі жақты асимптотиканы тапты;
- Іштесу теоремаларын алудың жаңа әдісін тапты (оған “q* - Өтел­баев функциясын” тиімді қолдану арқылы қол жеткізді);
- Тұңғыш рет Банах кеңістігіндегі сызықты операторлардың әдепті кеңею­лері мен сығылуларының теориясын жасады, атап айтқанда, «паталогия­лық» (ультрагиперболалық және жал­ғанпараболалық) дифференциал теңдеу­лер үшін әдепті есептер туралы И.Г. Петровскийдің (1948ж.) әлемдік мәселесін шешті;
- Көпөлшемді және жартылай шенелген емес операторлардың ке­ңейтіл­ген кластарының бөлінгіштігі мен апроксимативтік қасиеттерін орнықты­ратын әдісті тапты;
- Бейсызық эволюциялық теңдеу­лер теориясында, есептеу математика­сында және жалпылама аналитикалық функциялар теориясында өзінің енгіз­ген v-кластарының көмегімен іргелі нәтижелер алды;
- Шеттік есептерді сандық есеп­теудің жаңа әдісін ұсынды (онда іш­тесу теориясы, дифференциал теңдеу­лердің коэрцитивті шешімділігі және жал­ғасу теориясы сияқты қазіргі мате­ма­тика бағыттарының соңғы жетіс­тіктерін пайдаланды, бұл әдіс ақырөлшемді матрицалар­дың меншікті сандары мен меншікті векторларын да тиімді есептейді).
Академик М. Өтелбаевтың жетекшілігімен 80-нен астам ғалым канди­даттық, 12 ғалым докторлық диссертация қорғады.
Алгебра саласында әл­ем­дік деңгейде мойындалған математик, физика-математика ғылымдарының докто­ры, профессор, ҚР ҰҒА­­­­­­-ның академигі – А.Жұмаділдаев. Ол 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Оның мақалалары көптеген шетел­дер­дің, Ресейдің негізгі математикалық жур­налдарында жарияланып, ағылшын тіліне аударылған. А.Жұмаділдаев мына сияқты бағыттарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
-Формалды векторлық өрісті Ли алге­бра­ларының ішінде қарапайым емес бас өріс­тері болатын алгебраларды нақтылап, кар­тандық типтес Ли алгебраларының екінші когомолиясын есептеуді жүзеге асырды;
-Кососимметриялық мультисызықтық ассоциативті емес көпмүшеліктер кеңістігінің сипаттамасын, 0-Алиа және 1-Алиа алгебра­ларының құрылыстарын жасады, екі жақты Алиа алгебраларының зерттеулерінің Ли алгебраларының коммутативтік коциклдерін зерттеуге байланысты екендігін жүйеледі.
-Дәрежелері 4 және 5-ке тең кососимметриялық теңбе-теңдіктермен анықталатын алгебралардың құрылымдарын бір жүйеге кел­тіріп, Ли коммутатор жағ­дайында айқын емес теңбе-теңдіктердің бесінші дәрежеден бастап пайда болатындығын және олардың екіге тең екендігін дәлелдеді, Лейбниц когомолиялары үшін фактор құрды, Лейбниц алгебраларының қара­пай­ымдылығы туралы ұғым енгізіп, оның қасиеттерін зерттеді.
Тың ғылыми жаңалықтарымен әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүрген ғалымдарымыздың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреат­ы, Американың математикалық қоғамы­ның жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері – У.Өмірбаев. Ол еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, 30 жылдан бері шешілмей келген Нагата проблемасының түйінін тапты. Оны 1972 ж. жапонның атақты ғалымы Нагата қойған болатын. Ағылшын тілін еркін меңгерген қазақ ғалымы қазіргі кезде АҚШ-тың Дейтройт қаласында дәріс оқып жүр.
Қорытындылай келе, болашақта әлемді мойындатқан осылар сияқты ғұлама ғалымдарымызды саны артып, «Математика» деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қа­зақтың туын тігетін, қазақ ұлтын төрткүл дү­ние­ге паш ететін математиктеріміз көбейе береді деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет